Жазбалар айына: Наурыз 2026

11.03.2026 10:18

Көктемнің шуақты мерекесіне орай колледждің ер азаматтары ұжымдағы аруларды құттықтап, гүл шоқтарын табыстап, жүрекжарды лебіздерін білдіріп, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Мерекелік шара барысында Атырау сервис колледжінің директоры Ержанов Қуандық Қуанышұлы ұжымдағы аяулы жандарды көктемнің көркем мерекесімен құттықтап, білім мен тәрбие саласында аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздардың еңбегіне алғысын білдірді. Сонымен қатар, ұжымдағы әйел азаматтардың колледж өміріндегі орны ерекше екенін атап өтіп, дендеріне саулық, отбасыларына амандық, еңбектеріне толағай табыс тіледі.

Шара барысында колледждің ардагер ұстазы Галина Буревская Саметовна 70 жас мерейтойымен құттықталып, ұзақ жылдар бойы білім саласына қосқан еңбегі үшін ерекше құрмет көрсетілді.

Көктемнің нұрлы мерекесіне арналған бұл кеш ұжымға ерекше әсер сыйлап, шаттық пен қуанышқа толы жылы атмосферада өтті. Мереке барысында айтылған ізгі тілектер мен ақжарма лебіздер барша жанның жүрегіне қуаныш сыйлап, ұжымның бірлігін одан әрі нығайта түсті.

#tarbie_ortalygy_atyrau

#gylym_jogarybilim

@bilim_sapasy_baqylau

@ishkisaiasat_atyrau

@gylym_jogarybilim

#біртұтас_тәрбие

#tarbie_ortalygy_atyrau

#күшіміз_бірлікте

#talap.edu.kz

#bilimim_otanyma

#біртұтас_тәрбие_атырау

#салауатты_өмір_салты

#tarbie_ortalygy_atyrau

Атырау Жастары

Кайрат Сисенов

Атырау Облысы Білім Басқармасы

Атырау Облысы Ассамблея Жастары @oqu_agartu_ministrligi prokuror_aitimov

11.03.2026 10:14

Іс-шараның мақсаты – қыз балалардың өзін-өзі бағалау деңгейін көтеру, олардың қоғамдағы рөлін айқындау, рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеу және өз күшіне сенімін арттыру болды.

 

Шараға 8 қалалық кітапхана меңгерушісі Мұханғалиева Айсұлу Сулейменовна және колледжіміздің ұстазы Есмағамбетова Күлшәт Темірғалиевна арнайы қатысып, қыз тәрбиесі, білімнің маңызы мен парасаттылық жайында әсерлі ойларымен бөлісті. Қонақтар өз тәжірибелерінен мысал келтіріп, қыз баланың табандылығы мен білімге құштарлығы – оның басты күші екенін атап өтті.

 

Сонымен қатар колледж психологы Жазира Бекетқызы қыздарға арналған психологиялық тренинг өткізіп, қатысушылармен еркін форматта жұмыс жүргізді. Тренинг барысында өзін-өзі тану, ішкі қорқыныштарды жеңу, жеке шекараны қорғау, сенімді қарым-қатынас орнату тақырыптары қозғалды. Қыздар түрлі жаттығулар арқылы өз ойларын ашық айтып, бір-біріне қолдау көрсетті.

 

Шара соңында қатысушылар өз әсерлерімен бөлісіп, мұндай кездесулердің маңыздылығын атап өтті. «Қыз болу – күш» атты бұл іс-шара қыздардың бойындағы сенімділік пен жігерді нығайтып, жаңа мотивация сыйлаған тағылымды кездесу болды.

#tarbie_ortalygy_atyrau

#gylym_jogarybilim

@bilim_sapasy_baqylau

@ishkisaiasat_atyrau

@gylym_jogarybilim

#біртұтас_тәрбие

#tarbie_ortalygy_atyrau

#күшіміз_бірлікте

#talap.edu.kz

#bilimim_otanyma

#біртұтас_тәрбие_атырау

#салауатты_өмір_салты

#tarbie_ortalygy_atyrau

Атырау Жастары

Кайрат Сисенов

Атырау Облысы Білім Басқармасы

Атырау Облысы Ассамблея Жастары @oqu_agartu_ministrligi prokuror_aitimov

 

11.03.2026 09:52

Атырау сервис колледжінде «Үздік топ жетекшісі – 2026» атты колледжішілік байқауы жоғары
деңгейде ұйымдастырылып өтті.
Байқауға колледжіміздің белсенді, шығармашыл топ жетекшілері қатысып, 3 кезең бойынша
өздерінің кәсіби шеберліктерін, жаңашылдығын және студенттермен жүргізетін тәрбие
жұмысындағы тәжірибелерін көрсетті.
Байқауға қатысқан топ жетекшілері:
Беккалиева Гулзия Беккалиевна – «Аспаз-69»
Муканова Гулмира Асановна – «Аспаз-60»
Мусагалиева Индира Талгатовна – «Аспаз-72»
Есмағамбетова Кулшат Темиргалиевна – «Технолог-25»
Сисен Айгүл Сисенқызы – «Тігінші-26»
Рамазанова Аружан – «Кондитер-12»
Телеугалиева Айкумыс Милатовна – «Тігінші-27»
Коротаева Валерия Валерьевна – «Администратор-2»
Қатысушылар өз топтарымен бірге өнер көрсетіп, шығармашылық тапсырмалар орындап, жоғары
дайындық деңгейін көрсетті. Байқау өте тартымды әрі әсерлі өтті.
Байқау қорытындысы бойынша:
І орын – Сисен Айгүл Сисенқызы
ІІ орын – Беккалиева Гулзия Беккалиевна
ІІІ орын – Есмағамбетова Кулшат Темиргалиевна
Жеңімпаздар мен қатысушылар дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Осындай шаралар педагогтердің тәжірибе алмасуына, шығармашылық әлеуетін арттыруға және
студенттердің жан-жақты дамуына үлкен мүмкіндік береді. Жеңістеріңіз құтты болсын!
#tarbie_ortalygy_atyrau
#gylym_jogarybilim
@bilim_sapasy_baqylau
@ishkisaiasat_atyrau
@gylym_jogarybilim
#біртұтас_тәрбие
#tarbie_ortalygy_atyrau
#күшіміз_бірлікте
#talap.edu.kz

#bilimim_otanyma
#біртұтас_тәрбие_атырау
#салауатты_өмір_салты
#tarbie_ortalygy_atyrau
Атырау Жастары
Кайрат Сисенов
Атырау Облысы Білім Басқармасы
Атырау Облысы Ассамблея Жастары @oqu_agartu_ministrligi prokuror_aitimov

11.03.2026 09:48

 

Атырау сервис колледжінің “Аспаз-70” тобының студенттері мен топ жетекшісі Г. Муканованың ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айына орай “Жақсылық жасап жарысайық!” атты қайырымдылық челленджі өтті.

Игі шараның басты мақсаты – студенттерді мейірімділікке, жанашырлыққа тәрбиелеу, қоғамда жақсылық жасау мәдениетін қалыптастыру және Рамазан айының рухани құндылықтарын насихаттау.

Челлендж аясында студенттер өз қолдарымен түрлі тағамдар дайындап, оларды Атырау қаласындағы Иманғали мешітіне табыстады. Бұл тағамдар ауызашар кезінде жамағатқа үлестіріліп, сауапты іске айналды.

Осындай игі бастамалар жастардың жүрегінде қайырымдылық пен ізгіліктің артуына жол ашып, қоғамда жақсылық жасауға деген құлшынысты арттыра түседі.

Жақсылық жасау – әр адамның қолынан келетін ең ізгі іс. Сондықтан да баршаңызды жақсылық жасап жарысуға шақырамыз!

#tarbie_ortalygy_atyrau

#gylym_jogarybilim

@bilim_sapasy_baqylau

@ishkisaiasat_atyrau

@gylym_jogarybilim

#біртұтас_тәрбие

#tarbie_ortalygy_atyrau

#күшіміз_бірлікте

#talap.edu.kz

#bilimim_otanyma

#біртұтас_тәрбие_атырау

#салауатты_өмір_салты

#tarbie_ortalygy_atyrau

Атырау Жастары

Кайрат Сисенов

Атырау Облысы Білім Басқармасы

Атырау Облысы Ассамблея Жастары @oqu_agartu_ministrligi prokuror_aitimov

11.03.2026 09:45

Жақсылық жасау кез-келген адамның ниеті болса, қолдан келетінін көрсеткен топ студенттерінің адамгершілік тұрғыдан жасалған  бастамалары өзге топтарға үлгі болып,жалғасын табады деген сенімдеміз.

#tarbie_ortalygy_atyrau

#gylym_jogarybilim

@bilim_sapasy_baqylau

@ishkisaiasat_atyrau

@gylym_jogarybilim

#біртұтас_тәрбие

#tarbie_ortalygy_atyrau

#күшіміз_бірлікте

#talap.edu.kz

#bilimim_otanyma

#біртұтас_тәрбие_атырау

#салауатты_өмір_салты

#tarbie_ortalygy_atyrau

Атырау Жастары

Кайрат Сисенов

Атырау Облысы Білім Басқармасы

Атырау Облысы Ассамблея Жастары @oqu_agartu_ministrligi prokuror_aitimov