Атырау сервис колледжінде Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқарушылар жасағының бас құтқарушысы Бақытжанұлы Арман, Камаров Берік студенттерге суға шомылу маусымында сақтық және қауіпсіздік ережелерімен таныстырды
Іс-шара барысында мамандар су айдындарындағы қауіп-қатерлер, жазатайым оқиғалардың алдын алу жолдары, алғашқы көмек көрсету тәсілдері туралы жан-жақты мәлімет берді.
Іс-шараның мақсаты – студенттердің судағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, төтенше жағдайлардың алдын алу, өмір қауіпсіздігі дағдыларын арттыру және жауапкершілікке тәрбиелеу.



