Атырау сервис колледжі “Өзін-өзі басқару” ұйымының белсенді студенттері қоғамда заңдылық пен тәртіпті нығайтуға бағытталған «Заң мен тәртіп» челленджіне белсенді түрде қатысып, бастаманы қолдайтындарын көрсетті. Аталған челлендждің негізгі мақсаты — жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заңға құрметпен қарау және қоғамдық тәртіпті сақтау маңызын арттыру.
Челлендж аясында студенттер заң талаптарын сақтау, азаматтық жауапкершілік, құқық бұзушылықтың алдын алу тақырыптарында өз ойларын ортаға салды. Олар бейнероликтер мен ақпараттық материалдар арқылы қоғамды заңға бағынуға, тәртіпті сақтауға шақырды. Бұл бастама жастардың белсенді азаматтық ұстанымын көрсетіп, олардың қоғам өміріне бейжай қарамайтынын дәлелдейді.
Колледж әкімшілігінің айтуынша, мұндай іс-шаралар студенттердің құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардың болашақ маман ретінде жауапкершілігін күшейтеді. Сонымен қатар, «Заң мен тәртіп» челленджі студенттер арасында бірлік пен ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.
#біртұтас_тәрбие #атыраубілім #bilim_sapasy_bagalau #заңментəртіп
#tarbie_ortalygy_atyrau
#gylym_jogarybilim
@bilim_sapasy_baqylau
@ishkisaiasat_atyrau
@gylym_jogarybilim
#біртұтас_тәрбие
#tarbie_ortalygy_atyrau
#күшіміз_бірлікте
#talap.edu.kz
#bilimim_otanyma
#біртұтас_тәрбие_атырау
#салауатты_өмір_салты
#tarbie_ortalygy_atyrau
Атырау Жастары
Кайрат Сисенов
Атырау Облысы Білім Басқармасы
Атырау Облысы Ассамблея Жастары @oqu_agartu_ministrligi prokuror_aitimov


