Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау сервис колледжі КМҚК ішкі тәртіп ережесі

 

 

  • Студентті қоғамда өмір сүруге психологиялық тұрғыдан даярлау және әр студенттің қабілетін барынша арттыруға педагогикалық-психологиялық тұрғыда жағдай жасау;
  • Студенттің сабаққа қатысуын қамтамасыз ету;
  • Студенттің кәсіптік техникалық мамандық алуына барлық жағдай жасау;
  • Студент іс-әрекетін оның жасына, жеке ерекшелігіне сәйкес ұйымдастыру;
  • Осы ішкі тәртіп ережесі бойынша колледж Жарғысының талаптарын сақтау;
  • Студенттің әртүрлі себептермен жіберген сабақтарын көрсетілген мерзім ішінде бекітілген кестеге сәйкес пән оқытушысынан тапсырмасын алып, тапсыртуға;
  • Колледж ішкі тәртібіне сәйкес оқу жылы барысында оқу формасын сақтау.

Қыздар формасы- ақ түсті жейде, классикалық қара шалбар, белдемше. Қыздардың белдемшесі  тізеден 7 см түсіп тұруы тиіс.

Ұлдар формасы- ақ жейде мен классикалық қара шалбар.

Студент формасына әртүрлі діни ағымдарындағы киім үлгілерімен оқу орнына келтірмеуге;

  • Колледжге спорт костюммен (тек дене тәрбиесі сабағына рұқсат беріледі) джинсы, шорты, майкамен және сүйретпе аяқ киіммен бармауды қадағалауға;
  • Студент колледжге келе алмайтын жағдай болғанда бір күн бұрын топ жетекшісіне хабарлауға ;
  • Студентті колледжге гигиеналық талаптарға сәйкес, таза киіммен жіберуге;

 

 

  1. Студент міндеті :
  • Мемлекеттік жалпыға ортақ міндетті  білім беру стандарттарының талаптарына  сай, білім, тәжірибелік  дағдылар мен құзыреттіктерді иемденуге, ішкі тәртіп ережелерін сақтауға және өзге талаптарды орындауға ;
  • Өзінің денсаулығын күтуге, физикалық және рухани  жетілдіруге;
  • Оқыту мекемесінде бекітілген киім үлгісін ұстануға;
  • Колледж аймағында, көршілес орналасқан үйлер, аялдама маңында тәртіп пен тазалықты сақтауға ;
  • Қауіпсіздік шараларын сақтауға ;
  • Құнды, бағалы заттарды оқу орнына әкелмеуге, өзінің жеке затына мұқият болуға міндетті;
  • Жеңіл жанғыш және тұтанатын заттарды, газ баллондарды, қару – жарақты пайдаланбауға, ұстамауға, оқу-орнына әкелмеуге ;
  • Сабақ кестесі бойынша сабаққа міндетті түрде қатысуға ;
  • Әрбір сабаққа үй жұмысын орындап, қажетті оқу құралдарын алып келуге;
  • Білім алатын оқу орнының дәстүрлерін, педагогтың ар – намысын құрметтеуге;
  • Колледждің қоғамдық жұмыстарына белсенді қатысуға;
  • Колледж ішінде, оқу кабинеттерінде тәртіпсіздік жасамауға, темекі шекпеуге, түкірмеуге, қағаздармен басқа да керексіз заттарды жөнсіз тастамауға;
  • Сабақ барысында ұялы телефондарды, планшеттерді жөнсіз жеке бағытта қолданбауға;
  • Колледжге наркотикалық және алкогольдік ішімдік ішіп келмеуге (бұндай жағдайда студент ескертусіз оқудан шығарылады);
  • Колледж немесе жатақхана, яғни қоғам мүлкін бүлдірмеуге және сындырмауға, ал ондай болған жағдайда кінәлі студент сол мүліктің нарықтық құнын төлеуге немесе жөндеуге міндетті.
  • Тәртіпті болуға;
  1. Топ жетекшісінің міндеттері:
  • Жетекшілік ететін тобына семестрлік және жылдық жоспар құруға;
  • Студенттерді адамгершілік рухпен ұлттық мәдениетке тәрбиелеу, қоғамға қарсы көзқарас туындаған жағдайда келеңсіз пікірлерге мойынұсынбаушылыққа дағдыландыру;
  • Өзін-өзі тәрбиелеу мен білімін жетілдіруге үйретуге ;
  • Кесте бойынша топ сағаттарын өткізуге;
  • Күнделікті сабаққа қатысуын, формасын қадағалауға (әртүрлі діни бағыттағы киім үлгілерімен оқу орнына кіруге тиым салуға) ;
  • Қиын студенттермен жеке жұмыс жүргізуге;
  • Студенттердің ата-аналарымен тығыз қарым-қатынаста жиі байланыста болуы. Ата- аналар жиналыстарын өткізуге;
  • Сабаққа қатыспаған және себепсіз қалатын студенттермен жұмыс жүргізуге;
  • Қажетті құжаттарды уақытылы жинақтау (әскери комиссариат, банк, емхана);
  • Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары және колледж Жастар комитетімен тығыз байланыста жұмыс жасауға;
  • Топ жетекшісінің міндеттемесі ретінде заңдылық және азаматтық жауапкершілікті жүктеуге;
  • Топ жетекшісі өз тобындағы студенттерін сабақтан тыс қоғамдық шаралар мен үйірмелерге тартуға;
  • Өзіне бекітілген топ студенттерінің тәртіп ережелерін бұзғандығы туралы «Кураторлар Кеңесінде» есеп беруге ;
  • «Кураторлар Кеңесінде» апталық, айлық және жылдық атқарылған шаралары жөнінде есеп беруге.
    • Сабақты көп қалдырған студентті төмендегі жағдайларда қайта сабаққа кіріктіру :
  • Ауырып қалғанда (уақытында ескерткенде және анықтамасы бар болса);
  • Санаториялық-ақпараттық емдеу (жазбаша түрде уақытылы ескерткен және анықтамасы бар болса);
  • Карантинде (уақытылы жазбаша ескерткенде және анықтамасы болса).
  1. Колледж құқықтары:
  • Сабаққа қатысуға денсаулығы кедергі келтіретіні туралы дәрігердің қорытындысы болған жағдайда студентті қайтадан сабаққа кіріктіру ;
  • Себепсіз сабақтан қалған жағдайда студенттің ата-анасы жауапкершілікке тартылады.
  • Студент себепсіз сабақтан қалып, үлгермеуіне байланысты оқудан шығарылса және сабақтан тыс уақытта әртүрлі қылмыстық жағдайларда колледж жауапкершілігінен алынып тасталады;
  • Колледж студенттерінің құнды жеке заттары жоғалған жағдайда колледж өз жауапкершілігіне алмайды;
  • Оқу орнында оқу – тәрбие барысында ұйымдастырылатын шараларда және т.б туындаған жағдайларда ақпарат үшін суретке түсіреді;
  • Колледж ішінде немесе аймағында төбелесуге, ұрынуға, біреулерді үркітіп-қорқытуға, біреудің жеке затын рұқсатсыз алуға (ұрлық), әркімнің жеке заттарын бопсалауға тиым салынып, аталған жағдай орын алса, студент оқу орнынан шығарылады және құқық қорғау органдары есебіне тіркеледі;
  • Ата-аналар (заңды тұлғалар) өз міндеттерін жиі орындамаған жағдайда осы ішкі тәртіп ережесін бұзу болып есептелініп, ата-анаға ескерту беріледі;
  1. Ата-аналар құқықтары:
  • Студенттермен жұмысты жандандыру туралы ұсыныстар енгізу;
  • Ішкі тәртіп ережесі талаптарының орындалуын талап ету;
  • Топ жетекшісінен студенттің (баласының) сабақ үлгерімі және тәртібін білуге;

 

 


Жарияланды: 08.05.202614:42

Автор: