Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау сервис колледжі КМҚК ішкі тәртіп ережесі
- Студентті қоғамда өмір сүруге психологиялық тұрғыдан даярлау және әр студенттің қабілетін барынша арттыруға педагогикалық-психологиялық тұрғыда жағдай жасау;
- Студенттің сабаққа қатысуын қамтамасыз ету;
- Студенттің кәсіптік техникалық мамандық алуына барлық жағдай жасау;
- Студент іс-әрекетін оның жасына, жеке ерекшелігіне сәйкес ұйымдастыру;
- Осы ішкі тәртіп ережесі бойынша колледж Жарғысының талаптарын сақтау;
- Студенттің әртүрлі себептермен жіберген сабақтарын көрсетілген мерзім ішінде бекітілген кестеге сәйкес пән оқытушысынан тапсырмасын алып, тапсыртуға;
- Колледж ішкі тәртібіне сәйкес оқу жылы барысында оқу формасын сақтау.
Қыздар формасы- ақ түсті жейде, классикалық қара шалбар, белдемше. Қыздардың белдемшесі тізеден 7 см түсіп тұруы тиіс.
Ұлдар формасы- ақ жейде мен классикалық қара шалбар.
Студент формасына әртүрлі діни ағымдарындағы киім үлгілерімен оқу орнына келтірмеуге;
- Колледжге спорт костюммен (тек дене тәрбиесі сабағына рұқсат беріледі) джинсы, шорты, майкамен және сүйретпе аяқ киіммен бармауды қадағалауға;
- Студент колледжге келе алмайтын жағдай болғанда бір күн бұрын топ жетекшісіне хабарлауға ;
- Студентті колледжге гигиеналық талаптарға сәйкес, таза киіммен жіберуге;
- Студент міндеті :
- Мемлекеттік жалпыға ортақ міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сай, білім, тәжірибелік дағдылар мен құзыреттіктерді иемденуге, ішкі тәртіп ережелерін сақтауға және өзге талаптарды орындауға ;
- Өзінің денсаулығын күтуге, физикалық және рухани жетілдіруге;
- Оқыту мекемесінде бекітілген киім үлгісін ұстануға;
- Колледж аймағында, көршілес орналасқан үйлер, аялдама маңында тәртіп пен тазалықты сақтауға ;
- Қауіпсіздік шараларын сақтауға ;
- Құнды, бағалы заттарды оқу орнына әкелмеуге, өзінің жеке затына мұқият болуға міндетті;
- Жеңіл жанғыш және тұтанатын заттарды, газ баллондарды, қару – жарақты пайдаланбауға, ұстамауға, оқу-орнына әкелмеуге ;
- Сабақ кестесі бойынша сабаққа міндетті түрде қатысуға ;
- Әрбір сабаққа үй жұмысын орындап, қажетті оқу құралдарын алып келуге;
- Білім алатын оқу орнының дәстүрлерін, педагогтың ар – намысын құрметтеуге;
- Колледждің қоғамдық жұмыстарына белсенді қатысуға;
- Колледж ішінде, оқу кабинеттерінде тәртіпсіздік жасамауға, темекі шекпеуге, түкірмеуге, қағаздармен басқа да керексіз заттарды жөнсіз тастамауға;
- Сабақ барысында ұялы телефондарды, планшеттерді жөнсіз жеке бағытта қолданбауға;
- Колледжге наркотикалық және алкогольдік ішімдік ішіп келмеуге (бұндай жағдайда студент ескертусіз оқудан шығарылады);
- Колледж немесе жатақхана, яғни қоғам мүлкін бүлдірмеуге және сындырмауға, ал ондай болған жағдайда кінәлі студент сол мүліктің нарықтық құнын төлеуге немесе жөндеуге міндетті.
- Тәртіпті болуға;
- Топ жетекшісінің міндеттері:
- Жетекшілік ететін тобына семестрлік және жылдық жоспар құруға;
- Студенттерді адамгершілік рухпен ұлттық мәдениетке тәрбиелеу, қоғамға қарсы көзқарас туындаған жағдайда келеңсіз пікірлерге мойынұсынбаушылыққа дағдыландыру;
- Өзін-өзі тәрбиелеу мен білімін жетілдіруге үйретуге ;
- Кесте бойынша топ сағаттарын өткізуге;
- Күнделікті сабаққа қатысуын, формасын қадағалауға (әртүрлі діни бағыттағы киім үлгілерімен оқу орнына кіруге тиым салуға) ;
- Қиын студенттермен жеке жұмыс жүргізуге;
- Студенттердің ата-аналарымен тығыз қарым-қатынаста жиі байланыста болуы. Ата- аналар жиналыстарын өткізуге;
- Сабаққа қатыспаған және себепсіз қалатын студенттермен жұмыс жүргізуге;
- Қажетті құжаттарды уақытылы жинақтау (әскери комиссариат, банк, емхана);
- Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары және колледж Жастар комитетімен тығыз байланыста жұмыс жасауға;
- Топ жетекшісінің міндеттемесі ретінде заңдылық және азаматтық жауапкершілікті жүктеуге;
- Топ жетекшісі өз тобындағы студенттерін сабақтан тыс қоғамдық шаралар мен үйірмелерге тартуға;
- Өзіне бекітілген топ студенттерінің тәртіп ережелерін бұзғандығы туралы «Кураторлар Кеңесінде» есеп беруге ;
- «Кураторлар Кеңесінде» апталық, айлық және жылдық атқарылған шаралары жөнінде есеп беруге.
- Сабақты көп қалдырған студентті төмендегі жағдайларда қайта сабаққа кіріктіру :
- Ауырып қалғанда (уақытында ескерткенде және анықтамасы бар болса);
- Санаториялық-ақпараттық емдеу (жазбаша түрде уақытылы ескерткен және анықтамасы бар болса);
- Карантинде (уақытылы жазбаша ескерткенде және анықтамасы болса).
- Колледж құқықтары:
- Сабаққа қатысуға денсаулығы кедергі келтіретіні туралы дәрігердің қорытындысы болған жағдайда студентті қайтадан сабаққа кіріктіру ;
- Себепсіз сабақтан қалған жағдайда студенттің ата-анасы жауапкершілікке тартылады.
- Студент себепсіз сабақтан қалып, үлгермеуіне байланысты оқудан шығарылса және сабақтан тыс уақытта әртүрлі қылмыстық жағдайларда колледж жауапкершілігінен алынып тасталады;
- Колледж студенттерінің құнды жеке заттары жоғалған жағдайда колледж өз жауапкершілігіне алмайды;
- Оқу орнында оқу – тәрбие барысында ұйымдастырылатын шараларда және т.б туындаған жағдайларда ақпарат үшін суретке түсіреді;
- Колледж ішінде немесе аймағында төбелесуге, ұрынуға, біреулерді үркітіп-қорқытуға, біреудің жеке затын рұқсатсыз алуға (ұрлық), әркімнің жеке заттарын бопсалауға тиым салынып, аталған жағдай орын алса, студент оқу орнынан шығарылады және құқық қорғау органдары есебіне тіркеледі;
- Ата-аналар (заңды тұлғалар) өз міндеттерін жиі орындамаған жағдайда осы ішкі тәртіп ережесін бұзу болып есептелініп, ата-анаға ескерту беріледі;
- Ата-аналар құқықтары:
- Студенттермен жұмысты жандандыру туралы ұсыныстар енгізу;
- Ішкі тәртіп ережесі талаптарының орындалуын талап ету;
- Топ жетекшісінен студенттің (баласының) сабақ үлгерімі және тәртібін білуге;


