16 наурыз Мәдениет және салт-дәстүр күніне орай цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті қолдану арқылы «NAURYZ QUIZ» атты Наурызнама шарасы өткізілді.
Аталған зияткерлік сайысқа 1 курс студенттері мен түрлі ұлт өкілдері белсене қатысып, қазақ халқының бай мәдени мұрасы мен салт-дәстүрлері бойынша өз білімдерін жоғары деңгейде көрсетті.
Шара барысында қатысушылар ұлттық құндылықтарға қатысты сұрақтарға жауап беріп, тапқырлықтары мен білімдерін сынға салды. Сонымен қатар, заманауи технологияларды пайдалану арқылы ұйымдастырылған бұл сайыс студенттердің қызығушылығын арттырып, олардың ой-өрісін кеңейтуге мүмкіндік берді.
Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында ұлттық құндылықтарға деген құрметті қалыптастыру, салт-дәстүрді дәріптеу және көпұлтты ортада достық пен бірлікті нығайту болды.
Шара өте жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
#tarbie_ortalygy_atyrau
#gylym_jogarybilim
@bilim_sapasy_baqylau
@ishkisaiasat_atyrau
@gylym_jogarybilim
#біртұтас_тәрбие
#tarbie_ortalygy_atyrau
#күшіміз_бірлікте
#talap.edu.kz
#bilimim_otanyma
#біртұтас_тәрбие_атырау
#салауатты_өмір_салты
#tarbie_ortalygy_atyrau
Атырау Жастары
Кайрат Сисенов
Атырау Облысы Білім Басқармасы
Атырау Облысы Ассамблея Жастары @oqu_agartu_ministrligi prokuror_aitimov


