16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүрлер күні

Наурыз мерекесі аясында Атырау сервис колледжінде 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүрлер күніне арналған мерекелік шара ұйымдастырылды.

Шара барысында “Кондитер-12” тобының студенттері қазақ халқының көне әрі тәрбиелік мәні зор тұсау кесу дәстүрін сахналық көрініс арқылы көпшілікке ұсынды. Бұл рәсім – бала өміріндегі маңызды сәттердің бірі болып саналады. Тұсау кесу арқылы үлкендер баланың қадамы нық, жолы ашық, болашағы жарқын болсын деген ақ тілектерін білдіреді.

Студенттер ұлттық киім киіп, салт-дәстүрдің мән-маңызын көрсете отырып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар арқылы жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарымыз насихатталып, салт-дәстүріміздің қадір-қасиеті дәріптеледі.

Ұлттық мәдениетімізді ұлықтап, ата-бабадан қалған асыл мұрамызды жаңғырту – бүгінгі ұрпақтың басты міндеті.

🌿 Ұлттық дәстүріміз – ұлт руханиятының алтын қазығы!

#tarbie_ortalygy_atyrau

#gylym_jogarybilim

@bilim_sapasy_baqylau

@ishkisaiasat_atyrau

@gylym_jogarybilim

#біртұтас_тәрбие

#tarbie_ortalygy_atyrau

#күшіміз_бірлікте

#talap.edu.kz

#bilimim_otanyma

#біртұтас_тәрбие_атырау

#салауатты_өмір_салты

#tarbie_ortalygy_atyrau

Атырау Жастары

Кайрат Сисенов

Атырау Облысы Білім Басқармасы

Атырау Облысы Ассамблея Жастары @oqu_agartu_ministrligi prokuror_aitimov

 

 


Жарияланды: 18.03.202609:35

Автор: