Жазушы Машқар Гумеровтың туғанына 95 жыл толуына орай ауызша журнал іс-шарасы өткізілді

2022 жылдың 25 қарашасында Атырау сервис колледжінің кітапханасында «Оқуға құштар колледж» бағдарламасы аясында «Бабалар үні» Жазушы Машқар Гумеровтың туғанына 95 жыл толуына орай ауызша журнал іс-шарасы өткізілді. Мақсаты М.Гумеровтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру. Колледж кітапханашысы Муханбетжанова А.О. Тігінші – 19 тобы  студенттерімен бірге жазушының әңгімелерін оқып, мағынасын талданып түсіндірілді. Жалпы “Бабалар сөзі – даналық көзі” деген тақырып үлкенді сыйлау, құрметтеу, сөздің мәнін түсіну, сәлем беру, ата – анаға деген құрмет сияқты қасиеттер туралы сөз қозғалады. Студенттерге сондай қасиеттерді бойларына дарыта білуге көмектеседі.


Жарияланды: 29.11.202210:46

Автор: