«Жастар – ел мақтанышы» атты ой талқысы
2025 жылғы 10 қарашада №8 қалалық кітапхананың кітапханашысы Қанатова Гүлзада Рашидқызы және Атырау сервис колледжінің кітапханашысы Муханбетжанова Алия Орынғалиқызының ұйымдастыруымен, колледжіміздің «Тігінші-25» тобының студенттерінің қатысуымен Дүниежүзілік жастар күніне орай «Жастар – ел мақтанышы» атты ой талқысымен кездесу өткізілді.
Шара барысында қатысушылар:
Дүниежүзілік жастар күнінің тарихымен танысып,
«Қазіргі жастар немен айналысады?», «Заманауи жастар қандай болу керек?», «Болашақта кім боламын?» сияқты маңызды сұрақтарды талқылады,
Сергіту ойынына қатысып, бір-бірімен пікір алмасу мүмкіндігіне ие болды.
Ой талқыс жылы, достық атмосферада өтті, студенттер өз ойларын ашық айтып, пікірлерімен бөлісті. Шара жастардың белсенділігін арттыруға, өз болашағына бағыт қоюға және командалық рухты дамытуға үлкен үлес қосты.
📌 Атырау сервис колледжі – білім мен шығармашылықтың ұясы!



