Жастар арасында АИТВ инфекциясының профилактикасы бойынша жылдық жоспарға сай мамандармен кездесу өткізілді
Жастар арасында АИТВ инфекциясының профилактикасы бойынша жылдық жоспарға сай мамандармен кездесу өткізілді.
Атырау сервис колледжінің жылдық жұмыс жоспарына сай, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары атап айтқанда Қарсақ А жане Тайбуриева Г, колледж тәрбие бөлімінің директор орынбасары Сабитова Г С және колледж мейірбикесі Жунисова Б.Б 23 қыркүйек күні студенттер арасында “Психологиялық денсаулық ” және ” Жастар арасында АИТВ инфекциясының профилактикасы бойынша “АИТВ, өзіңізді қалай қорғауға болады. АИТВ -мен өмір сүру ” тақырыптары бойынша тренингтер өтті. Тренингтер мақсаты: Психологиялық денсаулықты нығайту бойынша кеңестер беру, салауатты өмір салтын насихаттау. АИТВ /ЖИТС тің алдын алу , жұғу жолдарынан сақтану, ЖИТС /АИТВ туралы студенттерге жалпы түсінік беру, өз денсаулығына жауапкершілікті қарауға шақыру. Сонымен қатар студенттер бейнеролик қарап, тренинг соңынан сергіту бөлімінде колледж мейірбикесі тақырыпқа сай энерждайзер өткізді.