«Жасөспірімдердің денсаулығы – қоғам болашағы»

Атырау сервис колледжінде «Самға» жастар денсаулық орталығының мамандары студенттермен кездесу өткізді.

Кездесу барысында қазіргі уақытта өзекті болып отырған тақырыптар – жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық, ерте жүктіліктің алдын алу, физиологиялық даму ерекшеліктері, темекі мен нашақорлықтың зияны жөнінде түсіндірме лекция жүргізілді.

Сонымен қатар, мамандар жасөспірімдердің репродуктивтік және психикалық денсаулығын сақтау, өз-өзіне сенімді болу және салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы туралы кеңінен әңгімеледі.

Кездесу соңында студенттер мамандарға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пайдалы жауаптар алды және өз пікірлерімен бөлісті.

Мұндай шаралар жастардың денсаулық мәдениетін қалыптастырып, өз өміріне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді.


 


Жарияланды: 03.12.202509:47

Автор: