Жас педагог – жүлделі орын иегері!

Атырау облысы Білім беру басқармасының Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Ұстаздар күніне орай өткізілген “Қалдырған ізің мәңгілік” атты облыстық іс-шара аясында жас педагогтар арасында өткен “Білімділер квизі” интеллектуалдық ойынына колледжіміздің жас маманы, тарих пәнінің оқытушысы Кабиден Диляра Еркінқызы қатысып, жүлделі II орынға ие болды.

 

📚 Бұл жетістік – колледжіміздің жас кадрларының білімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін көрсетеді.

Жүлделі орын құтты болсын!

Жас мамандарымыз әрдайым биіктен көріне берсін!


Жарияланды: 25.09.202510:05

Автор: