Жас маман
Колледж базасында «Жас Маман» жобасы бойынша Құзыреттілік орталығы құрылды, оның міндеті WSK чемпионатын ұйымдастыру мен өткізуді, құзыреттер бойынша кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бағдарламаларын іске асыруды реттеу болып табылады: «Аспаздық», «Кондитерлік өнімдер», «Наубайшы», «Сән технологиясы» құзыретіліктері бойынша WorldSkills чемпионатына қатысушыларды, басқа да кәсіби шеберлік байқауларына дайындау, осы құзыреттер бойынша өндірістік оқыту сабақтарын өткізу, демонстрациялық емтихандарды өткізу және өндірістік және оқу-әдістемелік сипаттағы белгілі бір жұмыс түрін орындау бойынша қызмет көрсету.
Құзырет орталығының төлқұжаты
Құзіреттілік орталығында әлеуметтік серіктестердің тәлімгерлері арасынан сарапшылар тобы жұмыс істейді: Костенко Т.Н., «Марко» ЖШС өкілі, «Өнерпаз» ЖШС, Лукпанова А.Н., Супагалиева Г.Б., Sofi шаштаразының өкілі, «CP Hotels Atyrau» ЖШС компаниясы – Далубаева. С.Т., Яговкина Т.Н.
Студенттерді түрлі деңгейдегі оқу және кәсіптік бағдарлау іс-шараларына қосу жүйесі салынды, әлеуметтік желілер мен веб-сайтты пайдалана отырып, студенттер мен мұғалімдерді ақпараттандыру жүйесі құрылды, бұл қажетті ақпаратты табуға кететін уақытты қысқартады. Оқу іс-әрекетінің өзгермелілігі мен күрделілігі білім алушылардың жеке тұлғасын дамытуға жағдай жасауға мүмкіндік береді. Студенттер колледжге, талаптарға, ұжымға тез бейімделеді.
2021 жылдың қараша айында инклюзивті білім беретін студенттер арасында «Сән технологиясы» құзіреті бойынша «Abilympics» республикалық чемпионаты өтті. Колледжіміздің студенті – А Жұмабаеваға және Семей қаласынан «Шығыс технологиялық колледжі» студенті М.Мирбаеваға Естелік сыйлықтар, сертификаттар табысталғаны атап өтілді..
Всего комментариев: 0