«Жас батыр» спорт залында колледжіміздің 1-2 курс студенттері арасында волейбол жарысы өтті

Ағымдағы жылдың 16-17 қараша күндері «Жас батыр» спорт залында колледжіміздің 1-2 курс студенттері арасында волейбол жарысы өтті.

Жарыстың мақсаты:

– Салауатты өмір салтын насихаттау;

– Сондай-ақ студенттер арасында достастықты қалыптастыру;

– Волейбол ойынын жан-жақты дамыту және танымал ету болып табылады.

Жарысқа әр топтан 3 ұл, 3 қыздан, 10 команда қатысты.

Қатысушылар жақсы ойынмен жоғарғы  нәтижелер көрсетті, атап айтқанда

1 орынды Аспаз-54 командасы,

2 орынды Аспаз-53 командасы,

3 орынға Аспаз-58 командасы ие болды.

Жеңіске жеткен командалар дипломдармен марапатталды.

Жарысты өткізген дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері Сағынбаев Н.Ж, Тлегенов Т.Ш.


Жарияланды: 29.11.202210:27

Автор: