🔧✨ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ – 2025 ✨🔧

 

Аясында ұйымдастырылған “JasSkills-2025” облыстық чемпионаты өз жалғасын табуда!

Аталған чемпионаттың “Шаштараз өнері” және “Мейрамхана ісі” құзыреттіліктері бойынша жарыс Атырау сервис колледжі базасында өтті.

Бұл тартысты әрі қызықты сайысқа Атырау қаласының №3, №16 және №30 мектеп-гимназияларының оқушылары қатысып, өз шеберліктерін көрсетіп қана қоймай, болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдауға мүмкіндік алды.

🔹 Чемпионат – жастардың кәсіби бағыт-бағдарын анықтауға, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтармен танысуына тамаша мүмкіндік болды.

🔹 Қатысушылар шығармашылық қабілеттерін шыңдап, кәсіби дағдыларын жетілдірді.

📌 Осындай іс-шаралар өскелең ұрпақтың кәсіби дамуына жол ашады!

#JasSkills2025 #ЖұмысшыМамандықтарЖылы #АтырауСервисКолледжі #КәсіптікБағыт #БолашақМаман


Жарияланды: 29.05.202510:28

Автор: