ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

24 маусымда колледж базасында дәстүрлі түрде студенттер мен колледж түлектері үшін “Бос орындар жәрмеңкесі” өткізілді. Жәрмеңкенің басты мақсаты: жұмыс берушілер мен түлектердің мүдделерін жақындастыру, жұмысқа мұқтаж түлектерді жұмыс орындарымен қамтамасыз ету. Кейбір студенттер үшін бұл тез жұмыс табу мүмкіндігі, ал басқалары үшін бұл іскерлік қарым-қатынас дағдылары. Бос орындар жәрмеңкесін колледж директоры Буревская Галина Саметовна ашты.
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне “Ярмарка” ЖШС, “Джида”,” SPHotels Aturau” , “Буркит Сэйфти, Онерпаз, Юсуб Бей, Марко, ЖК “Раяна”, ЖК Сарсешова, ЖК “Абдугалиева” әлеуметтік серіктес мекемелерінің басшылары қатысты.
Түлектер алдында жұмыс берушілер түлектерді жұмысқа орналастыру туралы ұсыныстарын айтты. Кәсіпорындарда өндірістік практикадан өткен студенттердің жақсы жұмысын атап өтіп, колледждің әкімшілігі мен педагогикалық ұжымына алғыс білдірді.
Барлық қатысушылардың пікірінше, жәрмеңке сәтті өтті, аталған іс-шараны ұйымдастыру және өткізу бойынша көптеген оң пікірлер келіп түсті. Бұл жерде Жұмыспен қамту мәселесі әлеуетті жұмыс берушілер мен жас мамандар арасындағы тікелей байланыс негізінде шешілетінін білдіреді.


Жарияланды: 07.06.202212:38

Автор: