«Заңғар» жобасы Атырау жастарын өмірде, оқуда және жұмысқа орналасуда табысқа жетуге жетелеуде
БАСПАСӨЗ-ХАБАРЛАМАСЫ
Табысқа дайынбыз!
«Заңғар» жобасы Атырау жастарын өмірде, оқуда және жұмысқа орналасуда табысқа жетуге жетелеуде
Атырау қаласы, «4» мамыр – «Табысқа жеткізетін төлқұжат»® (ТЖТ) атты өмірлік дағдыларды дамытуға бағытталған халықаралық бағдарламаны аяқтаған 500 Атырау жастары үшін салтанатты марапаттау рәсімі өтеді. Аталмыш бағдарлама «Шеврон» компаниясы және Атырау облысының әкімдігімен серіктестікте Халықаралық жастар қорымен жүзеге асырылатын «Заңғар» жобасының негізгі бағыттарының бірі болып табылады.
Атырау сервис колледжінің 28 студент «Табысқа жеткізетін төлқұжат» бағдарламасын сәтті аяқтап халықаралық сертификаттарына ие болды. Жалпы алғанда бағдарлама жүзеге асқан уақыттың ішінде колледжінің 127 оқұшысы өмірлік дағдыларды дамыту тренингісінен өтті.
“Заңғар” жобасы – бұл 10-22 жас аралығындағы жастарына инновациялық және интерактивті білім беру бағдарламаларын ұсынатын “Шеврон” корпорациясының Атырау қаласы жастарын дамыту бағдарламасының бір бөлігі. Бұл жобы кәсіби маңызды өмірлік дағдыларды дамыту бойынша оқытуды және ғылым, технология, инженерия және математика (STEM) бойынша оқу бағдарламаларын біріктіреді. «Заңғар» жобасы Қазақстанда, соның ішінде, Атырауда 10-22 жас аралығындағы жастарды өмірде, оқуда және жұмысқа орналасуда табысқа жетуге жетелейді. «Заңғар» жобасы Атырау қоғамдастығын қолдап, білім беру орындарымен, жергілікті қоғамдық және іскерлік ұйымдармен бірігіп, әлеуетті дамытуда.
Атырау жастарының арасында ТЖТ-ның жоғары сұранысы бағдарлама қатысушыларының қатарын жыл сайын кеңейтуге ықпал тигізеді. Осылайша, «Заңғар» жобасын жүзеге асырудың ағымдағы төртінші жылының екінші жартысында жастарға арналған тренингтер 17 ұйымда, соның ішінде қалалық мектептерде, колледждерде және жоғары оқу орындарында ұйымдастырылды. Осыдан бөлек, кешкі мектеп пен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорттық клубтың тәрбиеленушілері де өмірлік дағдыларды дамыту бойынша 48 сабақты өтті.
Сонымен қатар, биыл қаржылық сауаттылық бойынша 11 сабақ пилотты режимде қосылды.
Халықаралық жастар қорының жергілікті серіктесінің жоба менеджері Амиров Абай өз сөзінде 4 жылдың ішінде тренингтің 11 раундын жүзеге асырғандығы туралы сөз қозғады: «Бүгін біз өмірлерінің келесі қадамына дайын жастарды көріп тұрмыз – бұл біздің жұмысымыздың нәтижесі».
«Заңғар» жобасы іске асырылып жатқан төрт жыл ішінде 4800-ден астам жас ТЖТ тренингтерге қатысты. Басым көпшілігі жергілікті оқу орындарының мұғалімдері мен психологтары болып табылатын 142 тренер, мастер тренер және коучтар жастарға сапалы өмірлік дағдылар бойынша ТЖТ тренингтерін қамтамасыз ету үшін арнайы оқудан өтіп, халықаралық сертификаттарды иеленді.
Б.Нысанбаев атындағы орта мектебінің психологы Биғалиева Айгүл: « Мен тренер ретінде жоба аясында 200-ден астам тәлім алушыларды оқыттым. Соның нәтижесінде «Табысқа жеткізетін төлқұжат»® жобасы мен үшін кәсіби шеберлігімді артуға көмектесетін алаңға айналды. Мен күнделікті өмірде, қарым-қатынаста ауадай қажет дағдыларды балаларға оқытып қана қоймай, олармен бірге өзім де сол дағдыларды бойыма сіңіргенімді мақтан тұтамын», деп атап өтті.
Бағдарламаның тиімділі туралы «Табысқа жеткізетін төлқұжат»® жобасының түлегі, халықаралық қызмет көрсету компаниясының менеджері Айжүрек Алибекова да өзінің жобада алған тәжірибесін жоғары бағалауда: «Мен жобаның әрбір қатысушысы өзіне қажетті дағдыны алғанына толықтай сенімдімін. ТЖТ бағдарламасының аясында мен мақсат қоюды үйрендім, сәтті мансап құру үшін қажетті дағдылармен таныстым және, ең бастысы, өзімнің арманымды орындадым, яғни жетекші компаниялардың біріне жұмысқа кірдім».
Айта кету керек, бағдарлама жүзеге асқан уақыттың ішінде тәлім алушылардың бастамасымен жергілікті тұрғындардың әлеуметтік мәселесін шешуге бағытталған 200-ден аса әлеуметтік жоба іске асты. Әлеуметтік жобалар «Табысқа жеткізетін төлқұжат»® жобасының маңызды бөлігі болып табылады. Себебі, осы жобалардың арқасында түлектер алған білімдерін тәжірибемен сабақтастыруға мүмкіндік алады. Салтанатты рәсім аясында бағдарлама түлектері іске асырған үздік әлеуметтік жобаларын ұсынады. Сонымен қатар, ТЖТ түлектері іс-шара қатысушылары мен қонақтарының назарына өздерінің жетістікке жету жолындағы ең қызықты әңгімелерін ұсынады.
Марапаттау салтанатына Атырау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы мен Атырау қаласының жастар ресурстық орталығы өкілдері және ТЖТ тренерлері мен ата-аналар қатысады.
Іс-шара ұйымдастырушысы – өмірлік дағдыларды дамыту бойынша Халықаралық жастар қорының жергілікті серіктесі «Инфо Центр» ҚҚ болып табылады.
Өткізілу орны: Атырау қ., Құрманғазы атындағы мәдениет сарайы
Өткізілу күні мен уақыты: 2019 ж. 4 мамыр, сағ. 10.00-ден 12.00-ге дейін.
Бізді әлеуметтік желілерде таба аласыз:
Байланыс мәліметтері:
Инфо Центр
Абай Амиров Тел. +7 708 271 11 65 Email: amirov.abay@outlook.com
|
Халықаралық жастар қоры
Динара Туякова Тел. +7 701 536 86 08 |