Қызықты үзіліс»-лездемесі.
Дайындаған: Ағылшын пән оқытушысы Кенжебаева С.К.
Мақсаты:Студенттерге 2 ғасырдан аса тарихы бар Ағылшын классик жазушысы Джейн Остиннің туылғанына 250 жыл (ағылш. Jane Austen, 1775—1817) толғанын айтып, таныстыру.
Джейн Остин — әдебиет тарихындағы ерекше тұлға. Оның шығармалары қазіргі күнге дейін әлемнің түкпір-түкпірінде оқылып, талданып келеді. Өз заманының әлеуметтік жағдайларын өткір әрі сатиралық түрде сипаттаған Остиннің романдары әлі күнге дейін адамдарды қызықтырады және оларды өз әлемімен баурап алады. Оның туындылары адам жанының кейіпкерлер психологиясына енуіне мүмкіндік беретін, нағыз “ағылшын әзілінің” дәмін татқызатын әлемдік шедеврлердің қатарына енгізілген. Джейн Остинді бүгінге дейін ағылшын әдебиетінің “бірінші ледиі” деп атайды. Оның шығармалары Ұлыбританияның университеттері мен колледждерінде міндетті түрде оқытылады.
Джейн Остиннің әдеби мұрасы әлемдік әдебиетте ерекше орын алады. Оның шығармаларының қоғамдық және жеке өмірге деген өткір көзқарасы көпшілікке танымал және бүгінгі күнге дейін оқырмандарды қызықтырады. Оның шығармаларының қазақ тілінде де бір неше аудармалары бар. Шығармалары: Үш апалы-сіңлі,Махаббат пен достық, Англия тарихы,Кассандра сұлу.
Романдары: “Сана мен сезім”,”Тәкаппарлық пен жаңылыс “,«Тәкаппар ғашықтар».
Студенттердің жас ерекшеліктеріне байланысты колледж кітапханасындағы «Тәкаппар ғашықтар» романын оқуға ағылшын пән оқытушысы кеңес берді.