«Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі » тақырыбында дөңгелек үстел

«Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі » тақырыбында дөңгелек үстел

Күні: 10.11.2021

Қатысқандар: Атырау сервис колледж студенттері

«Қыз Жібек» қыздар клубының жетекшісі Атолла Қ.Қ  ұйымдастыруымен КМҚК Атырау сервис колледжінде 2021 жылдың 10 қарашасы күні колледж студенттері және мұғалімдерінің қатысуымен «Қыз тәрбиесі – ұлт болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Дәріс оқып, студенттермен кездесу мақсатында Египет Араб республикасы  Каир университетінің ұстазы, профессоры,  Абайдың 175 жылдығына орай «Абай» медалімен марапатталған, Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін араб тіліне аударып, жергілікті халыққа кеңінен насихаттап жүрген және араб балаларына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен білім нәрімен сусындап, қазақ тілін өзге елде дәріптеп жүрген – Төлебай Рабиға келген болатын.

Дөңгелек үстел барысында әртүрлі тақырыптар қозғалып, студент жастардың көкейінде жүрген сұрақтар қойылып, тәрбиелік мәні зор, терең әрі ғибратты, тағылымы мен рухани мәні зор әңгімелер талқыланып, студенттер ойларында жүрген сұрақтардың жауабын ала алды.

Дөңгелек үстелге директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Джулдасова А.Б және әлеуметтік педогог Бисенова С.С колледжің «Қыз Жібек» қыздар клубының жетекшісі Атолла Қ.Қ. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мүғалімі – Беккалиева Г.Б қатынасты.

Дөңгелек үстелде қозғалған тақырыптар:

  1. Қыз баланың тәрбиесі, қыз баланың қоғамдағы, отбасындағы орны
  2. Ата-ананың разылығы, ата-ананың батасы арқылы өсіп-өну;
  3. Ғылым мен дін өзара тығыз байланыста болуы;
  4. Білім мен тәрбиені қатар алып жүрудің жолдары

«Қыз Жібек» қыздар клубының жетекшісі: Атолла Құралай


Жарияланды: 19.04.202212:07

Автор: