Құқық бұзушылықтың алдын алу – басты назарда

2026 жылғы 10 ақпанда Атырау сервис колледжінде “Заң және тәртіп ” аясында студенттерге арналған құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында маңызды түсіндіру кездесуі өтті.

Іс-шараға құқық қорғау органдарының өкілдері қатысып, жастармен ашық форматта әңгіме жүргізді. Атап айтқанда:

🔹 Атырау ПБ-ның криминалдық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Муратов Эльдар Сержанұлы;

🔹 Атырау ПБ-ның қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Серіков Жеткіншек Жеңісұлы;

🔹 Атырау қаласы полиция басқармасының қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің ювеналды полиция инспекторы, полиция лейтенанты Байғабыл Айшабибі Әлібекқызы;

🔹 Атырау ҚПБ қоғамдық қауіпсіздік бөлімі ювеналды полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Жалелов Алтынбек Бақтыбайұлы.

Кездесу барысында студенттерге: – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, оқу орнына адам өміріне қауіпті заттарды қолданбаудың  алдын алу;

– кәмелетке толмағандардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі, есірткі қылмысының алдын алу, зорлық-зомбылықтың алдын алу;

– буллинг пен кибербуллингтің алдын алу,

– жанжалдар мен төбелестің құқықтық салдары,

– заң талаптарын сақтау және жеке жауапкершілік туралы кеңінен түсіндірілді.

Сонымен қатар, «Закладчики. Мать» фильмі көрсетіліп, оның мазмұны студенттермен бірге талқыланды. Жастар өз сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.

✅ Мұндай профилактикалық кездесулер студенттердің құқықтық сауаттылығын  және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған.

#tarbie_ortalygy_atyrau

#gylym_jogarybilim

@bilim_sapasy_baqylau

@ishkisaiasat_atyrau

@gylym_jogarybilim

#біртұтас_тәрбие

#tarbie_ortalygy_atyrau

#күшіміз_бірлікте

#talap.edu.kz

#bilimim_otanyma

#біртұтас_тәрбие_атырау

#салауатты_өмір_салты

#tarbie_ortalygy_atyrau

Атырау Жастары

Кайрат Сисенов

Атырау Облысы Білім Басқармасы

Атырау Облысы Ассамблея Жастары @oqu_agartu_ministrligi prokuror_aitimov


Жарияланды: 20.02.202613:32

Автор: