«Worldskills» қозғалысы аясында мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілері үшін І «BаbySkills Atyrau-2023» өңірлік чемпионаты басталды.

«Worldskills» қозғалысы аясында мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілері үшін І «BаbySkills Atyrau-2023» өңірлік чемпионаты басталды.

🖇️ Атырауда алғаш рет өтіп жатқан чемпионат мектеп жасына дейінгі балаларға әртүрлі кәсіптер мен қызмет салаларындағы бастапқы дағдыларды игерту мақсатын (Skills) көздейді, сондай-ақ отандық және халықаралық тәжірибелер негізінде замануи кәсіби құзыреттер туралы толық түсінік алуға мүмкіндік береді.

🔗 Чемпионат төмендегі 11 құзыреттілік бойынша өтті:

✅ Шаштараз өнері;

✅ Киім үлгілеу

✅ Кондитерлік іс

✅ Визуалды менчандайзер және витринистика

✅ Кескіндеме және сәндік жұмыстар

✅ Медициналық және әлеуметтік күтім

✅ ІТ саласы

✅ Мейрамхана ісі

✅ Көліктерді жөндеу

✅ МДҰ тәрбиешісі

✅ Хореография

🗝️ Чемпионатқа Атырау қаласының 27 мектепке дейінгі ұйымынан 53 тәрбиеленуші шеберлігін сарапқа салады.

📎 Чемпионат құзыреттіліктері бойынша  КМҚК Атырау сервис  колледж мамандары Бас сарапшы ретінде тағайындалды. “Кондитерлік ісі” құзыреттілі бойынша Тасимова Айгерім Аманқосқызы ,  “Киім үлгілеу” құзыреттілігі бойынша Телеугалиева Айкумыс Милатовна , “ Шаштараз” өнері бойынша Сарсешова Айғаным  Жұмажановна,

“Мейрамхана ісі” құзіреттілігі бойынша Коротаева Валерия Валерьевна шеберлік байқауының жоғары деңгейде өтуіне атсалысты.

 

🧩 Айта кетелік, аталған жоба Атырауда наурыз айында бастау алды. 3 кезеңнен тұратын жобаның алғашқы «Білім беру» модулінде тәрбиеленушілерге мамандық, кәсіп түрлері туралы мәлімет берілсе, «Аспаптық модуль» кезеңінде жергілікті колледждерде мамандыққа қатысты экскурсиялар ұйымдастырылды, шеберлік сыныптары өткізілді.


Жарияланды: 29.05.202308:42

Автор: