“Worldskills Atyrau-2023” өңірлік чемпионаты

Атырау қаласында “Worldskills Kazakhstan-2023” облыстық чемпионаты басталды.

Чемпионаттың негізгі мақсаты-жұмысшылар мен техникалық мамандықтардың беделі мен дәрежесін арттыру, жастарды кәсіптік-техникалық білім беруге тарту.

2023 жылдың 17-21 сәуір аралығында Атырау сервис колледжі базасында “Worldskills Atyrau-2023” өңірлік чемпионаты “Аспаз ісі”, “Мейрамхана ісі”, “Наубайшы ісі”, “Шаштараз ісі”, “Сән технологиясы”, “Кондитер ісі”   құзіреттілік бойынша өткізілді.  Осы мамандықтар бойынша 9 студент қатысты. Чемпионатқа қатысушылар өздерін өте жақсы көрете білді.


Жарияланды: 24.04.202308:25

Автор: