“WorldSkills-2022 ” колледжішілік чемпионаты өтті

2022 жылғы 21-25 ақпан аралығында Атырау облысы білім беру  басқармасының “Атырау сервис колледжі” КМҚК-да 6 құзыреттілік бойынша “Аспаз ісі, Наубайхана ісі, Кондитер ісі, Сән технологиясы, Шаштараз ісі, Мейрамхана ісі”, сондай-ақ «Сән технологиясы» құзыретілігі бойынша инклюзив топтары (абилимпикс) арасында “WorldSkills-2022 ” колледжішілік чемпионаты өтті. Осы аталған құзыреттіліктер бойынша 1-орын алған студенттер «Worldskills» облыстық чемпионатында колледждің намысын қорғайтын болады. Аринова Карина 1 орын “Шаштараз ісі” құзіреттілігі бойынша, өндірістік оқыту шебері  Минлигалина А. Ю. Галиева Гүлзада 1 орын “Кондитер ісі” құзыреттілігі бойынша, өндірістік оқыту шебері Джайлауова А. Е. Кубаев Әділбек 1 орын “Наубайхана ісі” құзыреттілігі бойынша,  өндірістік оқыту шебері Махметова А. А. Кабдулова Ләззат 1 орын “Сән технологиясы” құзыреттілігі бойынша, өндірістік оқыту шебері Амангелдиева Г. Н. Лаврентьева Мария 1 орын “Мейрамхана ісі” құзыреттілігі бойынша, өндірістік оқыту шебері Жунисова Б.Б.


Жарияланды: 21.04.202208:08

Автор: