Құттықтаймыз! 🏆
Ақтау қаласында өткен Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында сервис және қызмет көрсету саласы бойынша ұйымдастырылған “Цифрлық модельдеу” құзыреттілігі бағытындағы республикалық кәсіби шеберлік конкурсында
Атырау сервис колледжінің өндірістік оқыту шебері – Сисен Айгүл Амандыққызы үздік өнер көрсетіп, ІІІ орын иеленді! 🎉
Айгүл Амандыққызының еңбегі мен кәсіби шеберлігі жоғары бағаланып, сертификатпен марапатталды.
Бұл жетістік – ұстаздың өз ісіне деген сүйіспеншілігі мен жауапкершілігінің айғағы. 🌟
Жеңісіңіз құтты болсын, Айгүл Амандыққызы!
Жетістігіңіз жалғасын тауып, жаңа табыстар мен биік белестерге жете беріңіз!
#АтырауСервисКолледжі #КәсібиШеберлік #Құттықтаймыз #Жеңіс #ЦифрлықМодельдеу #Ақтау #БілімБерудегіЖетістік




