Тіл тағдыры-ел тағдыры атты

«Қазақ тілі әдебиеті» пәнінің мұғалімі Г. Беккалиевнаның ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасындағы Тіл мерекесіне орай «Тіл тағдыры-ел тағдыры атты» тәрбиелік шара өткізілді. Тәрбиелік шараның мақсаты:

 1) Атырау сервис колледжі жастарының өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту, ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу.

2) Ана тілін ардақ тұтар, тіл саясатын жүзеге асыруға үлес қосып жүрген тіл жанашырларының ой-пікірлері мен игілікті істерімен танысу және олардан үлгі алу. Тіл тағдыры-ел тағдыры  атты кешімізге Халықаралық қазақ тілі қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалының мүшесі

«Тіл жанашыры» Құрмет белгісінің иегері «ҚР мәдениет қайраткері»

Әбілхан Төлеуішев колледж студенттерімен өзінің құнды ой пікірлерімен, осы бағытта жасап жүрген жұмыстарымен таныстырып, колледж жастарын өздерінің Ана тілінің жанашыры болуға шақырды. Бұл шараға қатысқан колледж ұстаздары қазақ тілі әдебиет пәнінің мұғалімі Беккалиева Г.Б. Арнаулы пән мұғалімі Есмағамбетова К.Т. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абдирова Г.С, ата бабамыздан мирас болып келе жатырған қазақ тілінің мәртебесін көтеруге оның жанашырлары болуға басқа тілмен шұбарланбауына байланысты ой пікірлерін білдірді.


Жарияланды: 28.11.202214:53

Автор: