«Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу » мамандығының 26.03 – 05.04 2019 ж сәуір аралығында өткен «Мамандығым мақтанышым» атты апталығының есебі
20 наурыз күні кестеге сәйкес арнаулы пәндер оқытушылары және өндіріс шеберлерімен жиналыс өткізіліп апталық барысы туралы талқыланды.
Колледж әдіскері Шукатирова Т.С 2018-2019 оқу жылына арнаулы пәндер бойынша бекітілген жоспарына сәйкес 26.03- 05.04 сәуір аралығына жоспарланған. «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығының арнаулы пән оқтыушылары мен жауапты адамдар тағайындалып, мынандай шаралар атқарылды.
– 26.03 Апталықтың ашылуы
-1-2 курс Т-10 студенттерінің қатысуымен ,мамандыққа арналған тақпақтар айтылды.
Арнаулы пән жетекшісі С.Қ Құспанова онкүндікте өткізілетін шаралар туралы баяндады.
27.03 2-курс студенттерінің өз қолдарынан жасалған қол өнер бұйымдары нан әр түрлі нақышта қолдан жасалған ою-өрнектер,ұлттық қазақ киімдері
көрмесі маникенде ілініп қойылды.
-Кәсіби модуль -7 Материалтану пәні бойынша «Бейорганикалық талшықтар» тақырыбында арнаулы пән оқытушысы Амангельдиева Г.Н ашық сабақ өткізді. Ашық сабаққа колледж әдіскері Шукатирова Т.С,тәжіребие меңгерушісі Жалмуханова Г.Т , бөлім меңгерушісі Серікпай А.С ,ПЦК жетекшісі Құспанова С.Қ қатысты және талқыланды.
№304 оқу-тігін цехында киімдерді жөндеу мақсатында Т-10 мамандықтары арасында ашық есіктер күні ұйымдастырылды. 29.03. күні кестеге сәйкес ЖК «Мурзабаева» кәсіпорынан жеке кәсіпкер М.Сағаданқызы Тігінші 1- 2-курс студентттерімен кездесу өткізді. Кездесуде әр түрлі сұрақтар қойылып өзара талқыланды.Сонымен қатар мамандыққа арналған қабырға газеттерінен 1-2 курс арасында сайыс өткізді.
2 суір күні «Кәсіби модуль-10» Өндірістік оқыту шебері Айтжанова М.Б «Әдіпті ілмекті өңдеу »тақырыбында ашық сабақ өткізді сабаққа колледж әдіскері Шукатирова Т.С,тәжіребие меңгерушісі Айдынгалиева Г.С , ПЦК жетекшісі Құспанова С.Қ қатысты. Сабақ тігін цехында тәжіребиелік түрде өтті студенттер тігін машинасында берілген тапсырмалар мен жұмыс жасап тапсырмаларын толық орындады.
3 сәуір күні №204 тігін цехында Амнгельдиева Г.Н ашық есік күніне орай колледж студенттері үшін киімдерді жөндеу жұмыстарын жүргізді. 4 сәуір күні Астана қаласында өткен «WorldSkiIIs Kazakhstan» конкурстары бойынша осы апталықтың шеңберінде колледжде шеберлік сыныбы өтті. 5 сәіуір күні онкүндіктің жабылуына орай Тігінші 2- курс мамандықтары студенттерінің қатысуымен «Дефилие көрінісі» осы апталыққа атсалысып қатысқан студенттерді марапаттау шарасымен мен аяқталды.