“Таза Қазақстан” – ортақ міндетіміз! 🌿🧹
Атырау сервис колледжінде 2025 жылдың 20 қыркүйек күні “Таза Қазақстан” тұжырымдамасы аясында тазалық акциясы өтті. Акцияға колледж ұжымы белсене атсалысып, оқу орнының аумағын қоқыстан тазартып, ағаштарды әктеп, жасыл желекті күтіп-баптады. 🌳✨
Бұл шараның мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, табиғатқа жанашырлықпен қарау және жас ұрпаққа экологиялық мәдениетті насихаттау.
Атырау сервис колледжі алдағы уақытта да тазалық пен тәртіпті сақтауға және жасыл әрі жайлы орта қалыптастыруға өз үлесін қоса береді. 🌏💚
#ТазаҚазақстан #Экология #АтырауСервисКолледжі
#тазаҚазақстан #жасылқала #сенбілік
Табиғи ресурстар басқармасы






