«Тамақтандыруды ұйымдастыру мамандығының 0508012 «Аспаз»
Атырау сервис колледжінде 28 қаңтар – 8 ақпан аралығында арнаулы пәндер бірлестігінің жетекшісі Каламкалиева Г.М-ның ұйымдастыруымен 0508000 «Тамақтандыруды ұйымдастыру мамандығының 0508012 «Аспаз» біліктілігі бойынша Аспаздар онкүндігі өтті. Онкүндік ішінде әртүрлі іс-шаралар атқарылды: – арнаулы пән оқытушылары Есмагамбетова К.Т. «Салаттар мен тіскебасарларды әсемдеу және ұсыну» тақырыбында және Бусырманова Б.Е.«Классификация клубнеплодов» тақырыбындакәсіби модуль бойынша ашық сабақтарын өткізді;
– өндірістік оқыту шеберлері Жусупова Б.Х, Мукашева З.Н., Джулдасова А.Б., Зейнелова Б.Х. студенттерімен Әлемдік тағамдар мен бұйымдар әзірлеп, «Ас жүрген жер – береке» атты жәрмеңке ұйымдастырды;
– қазіргі таңда, «Alize» отбасылық мейрамханасының бас аспазы қызметін атқаратын 2011 жылғы колледж түлегі – Абишев Ануар және «Престиж» қонақ үйі мейрамханасының бас аспазы 2018 жылғы колледж түлегі – Берді Мәди жеткіншек студенттерге «Өнегелі түлек» атауымен шеберлік класс көрсетті;
– бірлестік жетекшісі, арнаулы пән оқытушысы Каламкалиева Г.М. «Өнерлі жастар» атты үйірмесінің, ал Жусупова Б.Х. «Лакомка» атты үйірмесінің студенттерімен ашық үйірме сабақтарын өткізген болатын;
– «Қасиетті жұма» тақырыбында жастарға тәрбиелік шара ұйымдастырылды;
– World Skills Kazakhstan стандарты бойынша колледждің 3-курс студенттері арасында колледжішілік Аспаздар сайысы өтіп, облыстық World Skills Kazakhstan чемпионатына қатысушы жеңімпаз тағайындалды.