Таланттарды анықтау және қолдау

18 қыркүйек күні Атырау облыстық Білім беру басқармасы “Таланттарды анықтау және қолдау” орталығының ұйымдастыруымен қазақ халқының жыр толғаған зар заман ақыны Мұрат Мөңке ұлының шығармаларын жастарға насихаттауға арналған жоғарғы оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттері арасында “Мұрат Мөңкеұлы оқулары “байқауының облыстық кезеңінде Атырау сервис колледжінің “Н-16″тобының студенті Мынбаева Арманай “Екі жақты бір тілді,Сөйлейтін сөзге шешенмін…” бағыты бойынша жүлделі 2 орынға ие болды. Өз шәкірттерін ана тілін құрметтеп сүйе білуге және әдебиетке деген сүйіспеншілік сезімдерін шындап,осындай байқауларға қосып жүретін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Беккалиева Гулзия Беккалиевнаға шығармашылық табыстар тілейміз!


Жарияланды: 19.09.202412:57

Автор: