«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің профилактикасы» тақырыбындағы акция шеңберінде «Жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында педагогикалық құраммен QUIZ өткізілді


Бүгін 2024 жылғы 07 маусымда Атырау облысы Білім беру басқармасының «Атырау сервис колледжінде» «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің профилактикасы» тақырыбындағы акция шеңберінде «Жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында педагогикалық құраммен QUIZ өткізілді.
QUIZ мақсаты:

Қоғамның әртүрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру, білімдерін дағдыландыру; саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, еркін сөйлеуге, қоғамға деген өз ой – пікірлерімен санасуға жағдай жасау, Қазақстан Республикасына адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Бұл QUIZ-ды колледж кадрлар бөлімінің меңгерушісі Н.Бериккалиева жүргізіп, әртүрлі жағдаяттық сұрақтар берді. QUIZ ға колледж педагогикалық ұжымы қатынасып, өз ой-пікірлерімен бөлісті. QUIZ соңында колледж педагог-психологі А.Калиева баяндама оқып, ұжыммен тренинг өткізді.

#біртұтастәрбие
#Атыраубілім
#atyrau_bilim_bolimi
#atyrau_bilim
#bilim_sapasy_bagalau
#жемқорлыққажолжоқ
#isb_atyrau
#біртұтас_тәрбие
atyrau_servis_college
#tarbie_ortalygy_atyrau


Жарияланды: 10.06.202418:47

Автор: