Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімді жолдары: оң тәжірибе


Атырау облысы Білім беру басқармасының Әдістемелік орталығы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс -қимыл Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті
Атырау бизнес және құқық колледжінің ұйымдастыруымен 30 мамыр күні “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімді жолдары: оң тәжірибе” атты облыстық workshop болып өтті. Шараға облыс колледждерінің “Саналы ұрпақ” еріктілер тобының жетекшілері және мүшелері қатысты. Шарада бүгінгі күннің өзекті мәселесі сыбайлас жемқорлықпен күрестің тиімді жолдары, жасалып жатқан іс- қимылдар, әрекеттер, жастардың пікірі талқыланды. Студенттердің ұсыныстары тыңдалды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениеті пән ретінде оқу бағдарламасына енгізу ұсынылды. Педагог – психолог Мажитова Орынгүл студенттермен “Білім саласындағы жемқорлықты болдырмау- басты міндетіміз “атты тренинг жұмысын жүргізіп, студенттердің белсенділігін арттырды. Тренинг кезінде Атырау Сервис колледжінің Саналы ұрпақ еріктілер клубының мүшелері Ерболатова Асылай мен Жетпіс Жандос белсенділік танытып, колледжде жүргізіліп жатқан жұмыстарды баяндай отырып, өз ойларын нақты жеткізе білді. Жастардың жемқорлықсыз қоғам құру мақсаты айқын, қадамы нақты екені көрінді.

null

null

null


Жарияланды: 07.06.202410:54

Автор: