«Спорт менің серігім»
Атырау сервис колледжінде 2022 жылдың 14-25 қараша күндері «Спорт менің серігім» тақырыбында дене тәрбиесі және АӘТД пәндері бірлестігінің онкүндігі салтанатты ашылуымен бастау алды.
Апталық мақсаты:
– Салауатты өмір салтын қалыптастыру;
– Студенттерді дене тәрбиесімен алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәніне деген қызығушығын арттыру;
– Әскери-спорттық жарыстар арқылы студенттерді төзімділікке, шапшаңдыққа, психологиялық-физикалық тұрғыда дайындау.
Студенттерге апталықтың жоспарымен әскери және спорттық жарыстар, ашық сабақтар өткізілетіндігі таныстырылды.