«Спорт менің серігім»

«Спорт менің серігім»

Дене шынықтыру пәні апталығы

9-15 желтоқсан аралығында «Спорт – менің серігім» тақырыбында дене шынықтыру пәні апталығы өткізілді.  Апталық саптүзеумен ашылып, «Жас батыр» спорт кешенінде түрлі спорттық шаралармен жалғасты.  Жоспарға сәйкес ашық сабақтар мен түрлі спорттық шаралар өткізілді. Сабақ жоспарлары талапқа сай, студенттердің сабаққа қатысы бойынша оқытушылар «Волейбол ойын ережесі» тақырыбында өткен Т.Ш.Тлегеновтың ашық сабағын атап өтуге болады.  Сабақ белсенді  өтті. 

Жас ұрпақты салауатты өмір салтына баулу, қызықтыру, төзімділігі мен ептілігін шыңдау мақсатында  «Жас батыр» спорт кешенінде өткен  «Волейбол ойын ережесі» тақырыбындағы Т. Ш. Тлегеновтың ашық сабағы «Аспаз-53» тобының студенттері толық қатысты. Оқытушы сабақ жоспарын талапқа сай құрған. Сабақ мақсатына жетті. 

Сондай-ақ дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Пупыкин Ю.Г. «Баскетбол ойыны ережесі» тақырыбында «Кондитер-6» тобында ашық сабақ өткізіп, студенттерді ойын техникаларымен, әдістерімен таныстырды.

Колледжде студенттер арасында дойбы, үстел теннисі, арқан тартыс сиықты спорттық ойындар, сайыстар өткізіліп, жеңімпаздар марапатталды.

Апталық өз мақсатына жетті. Студентерге салауатты өмір салтын ұстану тәрбиесі сіңірілді.


Жарияланды: 19.04.202212:30

Автор: