САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ
Сапа менеджмент жүйесі
Бөлімнің негізгі мақсаты-мүдделі тараптардың және басқа да тұтынушылардың қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында колледждің СМЖ қызметін қолдау, жақсарту, жетілдіру, жасақтау, енгізу.
Бөлімнің негізгі міндеттері:
- Сапалы білім беруде колледждің саясатын іске асыру;
- Актуальді жұмыс жағдайында колледждің СМЖ құжаттамаларымен қамтамасыз ету және қолдану;
- Колледждің құрылымдық бөлімдерінде сапа менеджмент жүйесін енгізу бойынша білім берудің қызметін үйлестіру;
- Өлшеу, талдау және үдерісті жақсарту бойынша қызметпен қамтамасыз ету және үйлестіру.
- Колледж қызметінде өзін-өзі бағалау және аудит бойынша СМЖ қызметін қамтамасыз ету;
- СМЖ өз қызметін атқару барысында колледждің құрылымдық бөлімдерінде талдау мен сараптама жүргізу;
- Құжаттаманы басқару;
- Жазбаларды басқару;
- Ішкі аудит
Жұмыс бағыты:
Бөлім қызметінің негізгі бағыттары:
-Колледжде СМЖ-н енгізу және жетілдірудің жұмыс жоспарын жасау:
-Ішкі аудиттің нәтижесімен жиынтық есептерді жасау үшін материалдарды дайындау;
-Ішкі аудитті өткізу;
-Ескертпелі және түзетпелі әрекеттердің жасақталуын және орындалуын бақылау;
-сапа менеджмент саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша колледж бөлімдерінің қызметін үйлестіру;
-колледждің жеке Web парақшаларында СМЖ қызметі туралы мүдделі жақтарды ақпараттандыру.