«Мамандық өмір таңдауы»

2018 жылдың 25 сәуір күні Атырау сервис колледжінде «Мамандық өмір таңдауы» атты ашық есік күні өткізілді.

Мақсаты – мамандық таңдаудағы оқушылардың кәсіптік ынтасын жобалау және бағыт бағдар беру. Бұл шараға қала мектептерінің ұстаздары мен оқушылары қатысты. Оқушыларға колледж бойынша экскурсияны кәсіптік бағдар беруші Ж.С. Досщанова жүргізді. Мектеп түлектерін колледждің материалдық базасымен таныстырып, кабинеттер мен шеберханаларды аралап көрсетті. Оқушылар колледждің студенттері дайындаған қолөнер бұйымдарын, шаш үлгілерін тамашаласа, өнім жәрмеңкелерімен танысты. Оқушыларға колледж колледж туралы бейнефильмдер көрсетіліп, студенттер шеберлік класстарын көрсетті. Айта айтсақ, «Шаштараз-7 » тобының студенттері Вязниковцева Екатерина мен Тайшыбаева Венера қазіргі заманға сай шаш үлгісін көрсетсе, «Кондитер-2 » тобының студенті Жолдыбай Гүлназ торт әсемдесе, « Әкімшілік көмекшісі -2 » тобының студенттері Щапова Анастасия , Канцева Карина , Сағынғалиева Әсемгүл мен Адильханқызы Лаура үстелді майлықтармен безендірді. «Тігінші » мамандығының студенттері заманауи қазақтың ұлттық киімдерінен сән көрсетіліміне шықты. Шара соңында қонақтарға арналған концерттік бағдарлама өтті.


Жарияланды: 08.06.202210:51

Автор: