Онлайн жәрмеңке

2022 жылдың 24-ші тамызында Атырау облысы Білім беру басқармасы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің 2022 жылдың ІІ жартыжылдығына жоспарланған онлайн жәрмеңкесі өткізіледі.

Жәрмеңкенің негізгі қағидасы – мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің алу тәртібін, жеңілдіктерін, басқа да мүмкіндіктерін ашық және кеңінен түсіндіру болып табылады.

Іс-шараға қатысу барысында жоғарыда көрсетілген ұйыммен мемлекеттік қызметтерді алу рәсімі туралы консультациялық-әдістемелік көмектер алып, көкейтесті сұрақтарыңызға жауаптар ала аласыздар.

Онлайн жәрмеңке Департаменттің әлеуметтік желідегі парақшасында (фейсбук, https://www.facebook.com/Atyraumemkyzmet) онлайн форматта тікелей эфир арқылы өтеді.

Өтетін уақыты: 24 тамыз 2022 жыл

Сағаты: 15 00


Жарияланды: 23.08.202209:38

Автор: