Оқу жұмысы
2023 жылдың 22-26 мамыр аралығында Атырау сервис колледжі базасында 1-курстың 65 ер балдарына алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің бағдарламасына сәйкес, 101 қыз балдарға алғашқы медициналық негіздері сабағы бойынша 5 күндік далалық оқу-жаттығу жиыны өткізілді.
Мақсаты: Студенттерге далалық оқу-жаттығу жиыны барысында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарында қызмет етуге, батырларымыздың жауынгерлік ерліктеріне, әскери тәртіпке, әскери дайындыққа, алғашқы медициналық көмек көрсете білуге тәрбиелеу.
Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мекемесінің ұйымдастыруымен 4 қараша күні облыстағы жоғарғы және колледждерде білім алып жатырған түрлі этнос өкілдерінің қатысуымен «Ұлт үні» байқауы өткізілген болатын. Байқау 4 кезеңнен тұрды.Қатысушылар алғашқы кезеңде өздерін таныстырудан бастаса, 2 кезеңде қазақ халқының ақын-жыршыларының шығармаларын жатқа мәнерлеп оқыса, « Өмірді өнермен өрнектеген» атты 3 кезеңде қазақтың ұлттық аспабының сүйемелдеуімен қазақ сазгерлерінің әндерін тамылжыта шырқап, «Білекті бірді,білімді мыңды жығады» деген ақтық сында қазақ халқының ауыз әдебиетінен,мақал-мәтелдерінен мысалдар келтіріп,оның тарихи-тағылымын түсіндірді.Осы байқауға Атырау сервис колледжінің Ікурс «Кондитер-7» тобының студенті Бостанова Лунара Николай қызы қатысқан болатын.Лунара өзінің орыс ұлтынан болса да, туған жері Қазақстанды жақсы көретінін,қазақ тілін ана тілі санайтынын,қазақ халқының бауырмалдығын,өзге ұлт өкілдерін бөліп-жарып,өзекке теппейтін ерекше қасиеттерін байқау барысында жеткізе білді.Байқауға бірнеше рет шығып,жүлделі орынға ие болып жүрген өзге де қатысушылардан қалыспай, сахнаға алғаш рет шықса да тайсалмай өз өнері мен білімін көрсете білгені үшін Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» ұйымының «Алғыс хатымен»,гүл шоқтарымен марапатталды.
25 қазан Республика күніне орай «Атамекен» патриоттық тақырыбында диктант жазу сайысы өтті.
Атырау қызмет көрсету колледжінде іс-шаралар жоспарына сәйкес 25 қазан Республика күніне орай «Атамекен» патриоттық тақырыбында диктант жазу сайысы өтті. Мақсаты: Оқушыларды туған жерге деген сүйіспеншілікке, өз халқының салт-дәстүрін құрметтейтін, оған қамқорлықпен қарайтын саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.
Атырау сервис колледж 2022 жылдың 13.10-26.10 аралығында
“Туған елім, отаным Қазақстаным!” атты қоғамдық -гуманитарлық пәндерді онкүндігі басталды. Апталықтың бірінші күнінде ашылу салтанаты өтті. Апталық Қазақстан Республикасы күніне орай тұспа тұс келіп тұруына байланысты, студенттер әнұран, туған өлке, туған жер туралы тақпақтар, әндер орындады. Онкүндіктің ашылу салтанатына жауапты ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Кенжебаева С.К.
Тіл–мерекесіне орай.
Атырау Сервис колледжінде 22қыркүйек- Тіл мерекесіне арналған салтанатты жиын өткізілді. 1 курс студенттері белсене қатысып: мемлекеттік тілде, орыс және ағылшын тілдерінде тақпақтар, көркем сөз оқып, ән айтты. Студенттерді өткізілген шара қызықтырып, жақсы денгейде өтті.
Жастар арасында АИТВ инфекциясының профилактикасы бойынша жылдық жоспарға сай мамандармен кездесу өткізілді.
Атырау сервис колледжінің жылдық жұмыс жоспарына сай, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары атап айтқанда Қарсақ А жане Тайбуриева Г, колледж тәрбие бөлімінің директор орынбасары Сабитова Г С және колледж мейірбикесі Жунисова Б.Б 23 қыркүйек күні студенттер арасында “Психологиялық денсаулық ” және ” Жастар арасында АИТВ инфекциясының профилактикасы бойынша “АИТВ, өзіңізді қалай қорғауға болады. АИТВ -мен өмір сүру ” тақырыптары бойынша тренингтер өтті. Тренингтер мақсаты: Психологиялық денсаулықты нығайту бойынша кеңестер беру, салауатты өмір салтын насихаттау. АИТВ /ЖИТС тің алдын алу , жұғу жолдарынан сақтану, ЖИТС /АИТВ туралы студенттерге жалпы түсінік беру, өз денсаулығына жауапкершілікті қарауға шақыру. Сонымен қатар студенттер бейнеролик қарап, тренинг соңынан сергіту бөлімінде колледж мейірбикесі тақырыпқа сай энерждайзер өткізді.
Ерекше білімді қажет ететін арнайы және инклюзивті балаларды қалыпты ортаға бейімдеудің жолдары
(методика, әдіс-тәсілдері)
«Дені сау адам табиғаттың ең қымбат жемісі»
Қазіргі уақытта мемлекеттің басшылығымен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бағдарламалар жасалып жұмыстар жүргізілуде. Сол жұмысты жалғастыру мақсатында колледжіміздің басшысы Буревская Галина Саметовнаның бастауымен Колледжімізде 2018 оқу жылынан бастап Ерекше білімді қажете ететін балаларды Арнайы және инклюзивті топқа тігінші мамандығына оқытуға қабылдады. Бұл студенттер 2018 жылы мүлдем естімейтін, сөйлемейтін студенттер қабылданды.олармен арнайы маман сурдопедагог жест арқылы жұмыс жасады.Қазіргі уақытта осы аталған топта Әлеуметтік ортаға бейімделу пәні,әлеуметтік тұрмыстық бағдарлану пәні,әлеуметтік кәсіби бағдарлану пәні жүргізіледі. Осы пәннен мен осы колледің педагог-психологы Калиева айнур Хайсаевна дәріс өткіземін.осы пәндерде қолданылатын әдіс –тәсілдеріммен қазір сіздермен бөліскелі тұрмын. Сонымен қатар Ерекше білімді қажет ететін студенттер тобы біртекті емес. Бұл ең алдымен оның дамуында түрлі ауытқулары бар: есту, көру, сөйлеу, тірек-қимыл аппараты, интеллект бұзылыстары бар . Эмоционалды ерікті сфераның айқын бұзылулары бар дамудың кешігуі мен күрделі бұзылыстары бар балаларды қамтитындығын анықталады. Сонымен, мұндай балалармен жұмыс жасаудағы ең маңызды мәселе әр баланың денсаулығы мен психикасына көңіл бөлу.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу үрдісінде көптеген әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Соның ішіндегі ең қолайлы әдістер:
-сөйлесу әдісі
-ертегі терапиясы
-арт-терапиясы
-ойын жаттығулар топтық,рөлдік
Бес күндік далалық оқу-жаттығу жиыны өтті.
Атырау облысы білім беру басқармасының 2022 жылдың 21 сәуірдегі №115 бұйрығын негізге ала отырып, 5-күндік далалық оқу-жаттығу жиынын Атырау сервис колледжі базасында 1-курс АС-53, АС-54, КК-6, Н-12, К-6, ПМ-12, М-10 топтарының саны 44 ұл балаларына алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің бағдарламасына сәйкес (30 сағат) колледжі бұйрығы, оқу кестесімен оқу жоспары жасақталып, студенттерге қауіпсіздік ережелерімен таныстырылып, 5 күндік далалық оқу–жаттығу жиыны 17–21 мамыр аралығында колледжі АӘжТД пәнінің оқытушылары
Н.Ж.Сагинбаев пен Ю.Г.Пупыкин өткізді.
Всего комментариев: 0