Өндірістік тәжірибе

Атырау облысы Білім беру басқармасының «Атырау сервис колледжі» КМҚК, «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығында білім алып жүрген инклюзив топ студенттері әлеуметтік серіктес мекемелерінде өндірістік тәжірибеден өтуде.
Әлеуметтік серіктес мекемелеріміздің басшылары: ЖШС «Өнерпаз» Беккужиев Болат мырзаға, ЖК «Золотая игла» Акимниязова Газиза ханымға, ЖК «Исатай» Елеусинов Исатай мырзаға, ЖК «Аsma» Утебаева Асель ханымға студенттерімізді кәсіпорынның технологиялық базасына өндірістік тәжірибеге орналастыруға үлес қосқандары үшін үлкен алғысымызды білдіреміз.

Бүгінгі таңда студенттеріміз тәжірибе барысында өндірістік жұмыстарды орындауда алған білімдерін пайдаланып, тәжірибелері шындалып жатыр деп нақты айта аламыз. Осы атқарылып отырған істердің нәтижесінде екі студентімізді ЖК «Исатай» және ЖК «Аsma» мекемелері ақылы жұмысқа алуды жоспарлап отыр.

 

#біртұтастәрбие
#Атыраубілім
#atyrau_bilim_bolimi
#atyrau_bilim
#bilim_sapasy_bagalau
#жемқорлыққажолжоқ
#isb_atyrau
#біртұтас_тәрбие
atyrau_servis_college
#tarbie_ortalygy_atyrau


Жарияланды: 25.04.202413:50

Автор: