«Мүмкіндіктер олимпиадасы» ерекше студенттерге жол ашты.

«Мүмкіндіктер олимпиадасы»  ерекше студенттерге жол ашты.

 

24-28 мамыр аралығында «World Skills Atyrau-2021» өңірлік чемпионатына Атырау сервис колледжінің инклюзивті білім беру тобында «Тігінші» мамандығы бойынша оқитын студенттер қатысып, таланты мен шеберлігімен тәнті етті. Аталған студенттердің қолымен дайындалған қазақтың ұлттық әйел  киім үлгісіне сарапшылар жоғары баға берді. Бұл киім үлгісінде студенттер  Жұмабаева Аяжан сәукелесін тіксе, Сүлейменова Перизат камзолын, ал Сайнова Лаура көйлегін дайындады. Мүмкіндігі шектеулі топқа жататын жастардың білім алуға, өркендеуге, өнер үйренуге деген құштарлығы ертеңгі күнге нық сенім ұялатады.

Атырау сервис колледжінде 2019 жылы қабылданған студенттер биыл оқу бітіріп, диплом алуға даярланып жатыр.


Жарияланды: 25.04.202213:10

Автор: