«Ұлы даланың жеті қыры»

«Ұлы даланың жеті қыры» этнофестивалі барысында киіз үй іші ұлттық нақыштағы бұйымдармен безендіріліп, ұлттық тағамдар қойылған дастарқан жайылды. Төрден орын алған әжелеріміз ұршық иіріп, жүн түтіп, бесік тербетіп, қазақ отбасыларының тіршілігін көрсете білді. Киіз үй жанына ошаққа қазан қойылып тамақ пісіріліп, ожаумен сапрыпы, көпшілікке көже таратылып, бауырсақ ұсынылды.

«Ұлы даланың ұқыры» этнофестиваль тапсырмасы бойынша «атқа міну мәдениеті туралы » Атырау сервис колледжінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімі Беккалиева Гулзия Беккалиевна келген қонақтарға иіліп, сәлем салып, атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығына Н.Ә.Назарбаев ерекше мән беріп, алғашқы жылқылардың Қазақстан аумағынада, соның ішінде Қазақстанның солтүстігінде энеолит дәуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүргіщілген қазба жұмыстары дәлел болатынын, бес қаруын асынған қазақ сарбаздары сол кездер де үлкен дәрежеге ие болып, батырлар заманының ең танымал эмблемасы көшпенділер әлемі «мәдени кодының» айрықша элементіне айналғанын жан-жақты комиссия мүшелеріне бастан аяқ толық айтып берді. Әділқазы алқасының тарапынан қойылған сұрақтарға да өте жақсы жауаптар беріп, «Атқамай», «Ашамай», «Ат құйрығын кесу» туралы салт-дәстүрлерді де айтып көпшілік қошеметіне ие болды. Тұщымды жауап алған қазылар алқасындағы үлкен ата-әжелер Атырау сервис колледжінде жан-жақты білімді ұстаздардың барлығына куә болғандай еді. «Жас интеллектуал» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жастар арасында ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында» болған көрме өте жақсы деңгейде өткізіліп бағалы сыйақымен марапатталды.


Жарияланды: 27.05.202215:27

Автор: