«Ұлт үні» байқауы
Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мекемесінің ұйымдастыруымен 4 қараша күні облыстағы жоғарғы және колледждерде білім алып жатырған түрлі этнос өкілдерінің қатысуымен «Ұлт үні» байқауы өткізілген болатын. Байқау 4 кезеңнен тұрды.Қатысушылар алғашқы кезеңде өздерін таныстырудан бастаса, 2 кезеңде қазақ халқының ақын-жыршыларының шығармаларын жатқа мәнерлеп оқыса, « Өмірді өнермен өрнектеген» атты 3 кезеңде қазақтың ұлттық аспабының сүйемелдеуімен қазақ сазгерлерінің әндерін тамылжыта шырқап, «Білекті бірді,білімді мыңды жығады» деген ақтық сында қазақ халқының ауыз әдебиетінен,мақал-мәтелдерінен мысалдар келтіріп,оның тарихи-тағылымын түсіндірді.Осы байқауға Атырау сервис колледжінің Ікурс «Кондитер-7» тобының студенті Бостанова Лунара Николай қызы қатысқан болатын.Лунара өзінің орыс ұлтынан болса да, туған жері Қазақстанды жақсы көретінін,қазақ тілін ана тілі санайтынын,қазақ халқының бауырмалдығын,өзге ұлт өкілдерін бөліп-жарып,өзекке теппейтін ерекше қасиеттерін байқау барысында жеткізе білді.Байқауға бірнеше рет шығып,жүлделі орынға ие болып жүрген өзге де қатысушылардан қалыспай, сахнаға алғаш рет шықса да тайсалмай өз өнері мен білімін көрсете білгені үшін Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» ұйымының «Алғыс хатымен»,гүл шоқтарымен марапатталды.