” KURATOR:ЖАНАШЫР.ЖАҢАШЫЛ.ЖЕТЕКШІ” облыстық кураторлар онкүндігі аясында Досанбаева Сая Ильдусқызының жетекшілігімен Кондитер-13 тобы «Goodness Day» челленджіне белсене қатысты.
Шараның мақсаты – студенттердің бойында мейірімділік, жауапкершілік, адамгершілік қасиеттерін дамыту, сондай-ақ айналадағы адамдарға көмектесуге деген ниет пен құлшынысты қалыптастыру.
Челлендж барысында білім алушылар адамдарға және қоршаған ортаға қамқорлық танытып, бастамашылдық пен жанашырлық көрсетті. Олар көмекке мұқтаж жандарды қолдауға бағытталған игі істерге атсалысып, ізгіліктің маңызын айқын көрсетті.
Студенттер бірлік, адамшылық және өзара қолдау мәдениетінің қажеттілігін дәлелдеді.
Мұндай шаралар жастардың әлеуметтік белсенділігін, жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ ұжымда жағымды құндылықтар мен мейірімді атмосфера қалыптастыруға ықпал етеді.
Кондитер-13 тобына және олардың жетекшісіне белсенділігі мен үлгілі ісі үшін алғыс білдіреміз!


