Кондитерлер онкүндігі өтті
25.02.2019 – 07.03.2019 аралығында Кондитерлер онкүндігі өтті.
Онкүндік аясында арнаулы пәндер бірлестігінің жетекшісі Каламкалиева Г.М.-нің ұйымдастыруымен әртүрлі шаралар өткізілген еді. Нақтырақ: «Тәттінің шебері – кондитер» атты көрме құрылып, онда студенттермен жасалған кондитерлік бұйымдардың муляждары көрсетілімге шығарылды. Ал, ө/о шебері Жусупова Б.Х. «Вкусняшки к чаю» тақырыбында ашық үйірме сабағын өткізіп, студенттерді әртүрлі тәттілерді дайындауға үйретті.
Сондай-ақ, «Кондитер – менің таңдауым!» тақырыбында «Ренессанс» қонақүйінің кондитерлік өндірісінің маманы, сервис колледжінің түлегі Макина Антонина және көмекшісі, әрі колледж түлегі Багимова Айдана шеберлік класс көрсетті. Бұл шараға 1-курс студенттері қатысып, тортты әсемдеу жұмыстарын тамашалады, кейбір әсемдеу элементтерін көрермендер өздері де жасап көрді.
Бусырманова Б.Е. 8 наурыз мейрамы қарсаңында «А ну-ка, девочки!» топ сағатын өткізді. Студент қыздар 3 топқа бөлініп, әртүрлі тапсырмаларды орындаған еді. Топ сағаты өте қызықты өтті.
Келесі кезекте, «Тәттілер әлемі» атты кондитерлер жәрмеңкесі ұйымдастырылып, Жусупова Б.Х. және де басқа да ө/о шеберлері студенттерімен әзірлеген алуан түрлі кондитерлік тәттілерін сатылымға шығарды.
Онкүндікті арнаулы пән оқытушысы Каламкалиева Г.М. «КМ-3» пәні бойынша «Француз асүйінің ұлттық тағамдары» тақырыбында ашық сабағын өткізуімен жапқан болатын.