КМҚК «Атырау сервис колледжінде» Инклюзивті топтар арасында (Abilympics) «Сән технологиясы» құзыреттілігі негізінде чемпионат өтуде

КМҚК «Атырау сервис колледжінде» Инклюзивті топтар арасында   (Abilympics) «Сән технологиясы»   құзыреттілігі негізінде чемпионат өтуде.

 

 30.11.2021жылы  WorldSkills Kazakhstan -2021 жылғы  ұлттық чемпионаты  стандарттары бойынша  КМҚК «Атырау сервис колледжінде» Инклюзивті топтар арасында   (Abilympics) «Сән технологиясы»   құзыреттілігі негізінде чемпионат өтуде. Чемпионаттың ашылу салтанатында  Нұрсұлтан қаласында өткен WorldSkills Kazakhstan -2021 жылғы  ұлттық чемпионатының ашылу салтанаты және де Білім министрі А.Аймағанбетовтың «Жас буын жеткіншектерге» сәттілік тілеу барысындағы үзінді көрсетіліп, колледж директоры Г.С Буревская  бүгінгі  чемпионат қатысушыларына  сәттілік тіледі, Сонымен қатар концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Чемпионатта  Атырау сервис колледж инклюзивті топ студенті Жұмабаева Аяжан  және де Семей қаласы «Шығыс Қазақстан технологиялық колледжі» студенті Мирбаева Марал Архатовна сайысқа түсуде. Конкурс қатысушыларына ерікті көмекші ретінде инклюзивті топ 2 курс студенті Оңайша Ақтоты қатысуда. Қатысушы студенттерге Атырау сервис колледжі  сурдоаудармашысы Тулеугалиева Айкумыс Миллатовна қызмет көрсетуде. Чемпионат барысында  ШҚО Семей қаласының КМҚК «Шығыс Қазахстан технологиялық колледжі» өндірістік оқыту шебері  Фаратқызы Толқынай, КМҚК «Атырау сервис колледжінің» өндірістік оқыту шебері Айтжанова Мерует Бахитовна  сараптама жүргізуде. Чемпионатқа қонақ ретінде әлеуметтік серіктестеріміз  ТОО «СИЗSENTER» орталығы маманы Исмагулова Марзия және ТОО «Өнерпаз» үйінен пішуші-үлгілеуші маман Лукпанова Акбөбек қатысуда. Чемпионат «3 модуль» бойынша, үш күн өткізіледі деп жоспарлануда.


Жарияланды: 21.04.202212:28

Автор: