КМҚК Атырау сервис колледжі оқу-әдістемелік жұмыстың 2022-2023 оқу жылының жоспары бойынша ,оқытушылар арасында колледжішілік педагогикалық оқулар ұйымдастырылды.

КМҚК Атырау сервис колледжі оқу-әдістемелік жұмыстың 2022-2023 оқу жылының жоспары бойынша ,оқытушылар арасында колледжішілік педагогикалық оқулар ұйымдастырылды.Педагогикалық оқулар тақырыбы:”Білім беру ұйымдарының қызметін тиімді жүргізуде заманауи инновациялық технологияларды қолдану”

Мақсаты:-Педагогикалық қызметкерлердің әдістемелік, ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметін жандандыру

– педагогикалық кәсіби деңгейін арттыру;

-озық педагогикалық тәжірибені анықтау және насихаттау;

-білім сапасын арттыруда оқыту технологияларын және оқыту платформаларын тиімді пайдалану.

Педагогикалық оқуға колледжімізден 12 оқытушы қатысты.Әр оқытушы өздерінің әдіс тәсілдерімен, педагогикалық шеберліктерімен бөлісті.Педагогикалық оқу нәтижесінде жүлделі орын алған мұғалімдер  облыстық педагогикалық оқуға жолдама алды. Олар ағылшын пән мұғалімі Кенжебаева С.К. және арнайы пән мұғалімі Минлигалина А.Ю.


Жарияланды: 30.03.202309:39

Автор: