Кітаптар әлеміне саяхат

Кітапхана-кітаптар әлемі,сарқылмас рухани  қазына ,барлық білім кітаптар арқылы берілетінін айта отырып,Аспаз-59 студенттерінің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында қалалық 8кітапханаға саяхатқа шыққан болатынбыз. Сөре толған кітаптар студенттер назарын өздеріне аударып, бірден көзге түседі.Әр кітап -бір әлем.Мұны саналы әр бала кітап оқығанда түсінері сөзсіз деп ойлаймын.Кітапханашылар да жаңа оқырмандарын құшақ жая қарсы алды.Кітапханаға қорына қосылған су жаңа әлі бір беті де ашылмаған кітаптар көрмесін таныстырып шолу жасады.Қазіргі кезде үлкен -кіші арасында сұранысқа ие болған кітаптар қызығушылықты одан сайын арттырып, студенттер өздеріне ұнаған кітаптарды қолтықтарына қысып,біреулері сөмкелеріне сала кетті.

“Ас-59″тобының кураторы Гулзия Беккалиева

 


Жарияланды: 07.12.202314:13

Автор: