Кітапхана
КМҚК “Атыру сервис колледжі” кітапханашыларының ұйымдастыруымен 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай іс-шара өтті.
Тақырыбы: “Қазақстан – ұлы дала” елі
Мақсаты: Студенттерді Қазақстан Республикасы өз алдына дербес ел болуына 32 жыл толуымен таныстыру, тамыры терең тарихын еске түсіру, оқушылардың білім деңгейін топтық жұмыс барысында арттыру арқылы өз еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін таныта білуге, үйрету, оқушылардың тілін, ой өрістерін, дұрыс сөйлеу дағдыларын, қабілеттерін дамыта отырып, шығармашылыққа баулу. Отанын сүюге, мақтаныш етуге, еліміздің нағыз азаматы бола білуге, ұйымшылдыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
#біртұтастәрбие
#Атыраубілім
#atyrau_bilim_bolimi
#atyrau_bilim
#bilim_sapasy_bagalau
#жемқорлыққажолжоқ
#isb_atyrau
“Оқуға құштар колледж”
Атырау сервис колледжінде 1курс ,,Аспаз -59 ,,тобында” Қазақстан -тәуелсіз елім, атамекенім” атты тәрбие сағаты өткізілді.Шараға 8 қалалық кітапхана меңгерушісі Мұқанғалиева Айслу мен кітапханашы ҚанатоваГүлзада қатысты. “АС-59″тобының кураторы Беккалиева Гулзия 25қазан Республика күні,егемен еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізуі -ата-бабамыздың асқақ арманының туындаған,бүгінгі ұрпақ қол жеткізген ұлы жеңіс екендігін,ол үшін ғасырлар бойы азаттық жолында құрбан болған талай боздақтың ұрпаққа қалдырған аманатын сақтау парызын жүрекпен,жанымызбен түсіну керектігін айтып өтті. Бейне фильмдер арқылы еліміздің тәуелсіздігі -ұлттық тілдің, салт-дәстүрдің,ұлттық сананың көрінісі екендігі т.б. көрініс тапты. Тәрбие сағаты барысында студенттер “Қазақстан”және “Астана топтарына бөлініп, команда атаулары бойынша слайдтар жасап,өздерін таныстырып, бәйгеге түсіп, білімдері мен ой ұшқырлықтарын көрсетуге тырысып бақты. Тақтаға көрсетілген суреттегі ғимараттарды тауып мағлұмат берді. Туған жер туралы мақал -мәтелдерді жалғастырып,мағынасын түсіндірді.Келесі кезеңде туған жерге арнап суреттер салып жарысқа түсті. Жарыс барысында “Астана”командасы алда болып, жеңіске жетті. Байқауға қатысқан студенттерге кітапхана меңгерушісі Айсулу Сулейменқызы кітаптар сыйлап,8 кітапхананың оқырмандары болуға шақырды.
“Оқуға құштар колледж”
“Оқуға құштар колледж” жобасы аясында кітапханашы Муханбетжанова А.О. және Т-19 тобымен “Отан тарихы әдебиеттерде” атты оқырман конференциясын өткізді, оның мақсаты студенттерді ел еркіндігін, бостандығын, тәуелсіздігін қанымен қорғаған Бауыржан Момышұлы сынды тұлғаны студенттерге үлгі , өнеге ете отырып Отанын қорғау жолында жанын садаға ететін ұрпақ өздері екенін сезіндіру. Отан тарихы туралы білімді кеңейту және тереңдету, оқу белсенділігін дамыту болып табылады. Соңында «Book Bingo» ойыны ойнатылып, викториналық сұрақтар қойылды.Т-19 тобының студенттері өте белсенді қатысты.
2022 жылдың 25 қарашасында Атырау сервис колледжінің кітапханасында «Оқуға құштар колледж» бағдарламасы аясында «Бабалар үні» Жазушы Машқар Гумеровтың туғанына 95 жыл толуына орай ауызша журнал іс-шарасы өткізілді. Мақсаты М.Гумеровтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру. Колледж кітапханашысы Муханбетжанова А.О. Тігінші-19 тобы студенттерімен бірге жазушының әңгімелерін оқып, мағынасын талданып түсіндірілді. Жалпы “Бабалар сөзі – даналық көзі” деген тақырып үлкенді сыйлау, құрметтеу, сөздің мәнін түсіну, сәлем беру, ата – анаға деген құрмет сияқты қасиеттер туралы сөз қозғалады. Студенттерге сондай қасиеттерді бойларына дарыта білуге көмектеседі.
КМҚК Атырау сервис колледжінде “Менің Отаным-Қазақстан!” тақырыбында көрме ұйымдастырылды.
21 қазан күні Атырау сервис колледжінде Республика күніне орай кітапханада “Менің Отаным-Қазақстан!” тақырыбында көрме ұйымдастырылды.
2020 жылдың 23 ақпанында Атырау сервис колледжінің кітапхана бөлімінің ұйымдастыруымен Ақиық ақын М.Мақатаевтың 90 жылдығына арналған “Жырлайды жүрек” атты байқау өтті.Байқауға 1-2 курс студенттері қатысты. Байқауда ақиық ақынның өлеңдерін, еңбектерін және ақын туралы өздері өлең шумақтарын шығарған болатын.Байқау керемет өтті. Алғырлықтарымен көзге түскен жеңімпаздар жүлделі орындармен марапатталып, арнайы сыйлықтар алды.
«Атырау сервис колледжі» кітапханасы 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Қазақстанның ядросыз мемлекетке айналуындағы Тұңғыш Президент – Елбасының рөлі» атты өнеге сағатын ұсынады.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – Қазақстан елінің дамып,жетілуіне үлкен үлес қосқан дара тұлға. 1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет қазақ даласында Президент сайлауы болып өтті. Бүкілхалықтық сайлауда бірауыздан ел Президенті атанды. Ол елге тәуелсіздік сыйлаған тұлға ретінде де үлкен құрметке ие.
Атырау сервис колледж кітапханасында
«Әбу Насыр Әл Фарабидің 1150 жылдығына» орай Тігінші-15 тобы студенттерінің қатысуымен онлайн бағытында көрме өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларға Аристотельден кейінгі екінші ұстаз Әл-Фарабидің өмірі, еңбек жолы туралы түсінік беріп, ғұламаның жаң-жақты ерекше тұлға болғандығын анықтау мақсатында ізденіс жүргізу.
Тәрбиелік мәні: Халқымызға білімнің, ілімнің нәрін сепкен аса ірі тұлға Әбунасыр Әл-Фараби мұраларынан нәр ағызып, оқушыларды туған жерге деген сүйіспеншілікке,адамгершілікке, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу.
Көрнектілік: Әл-Фарабидің портреті,слайд, нақыл сөздері,кітап көрмесі
«Елбасы – кемеңгер көшбасшы»
27-ші Қараша күні 1-Желтоқсан Тұңғыш президент күніне орай «Елбасы – кемеңгер көшбасшы» тақырыбында Н-8 тобына тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты: Бұл мерекенің еліміз үшін қаншалықты маңызды екенін насихаттау, елбасының өмірбаянымен, балалық шағымен, бойындағы асыл қасиеттерді, басшылық жолындағы жетістіктерін дәріптеу. Студенттер өз ойларын ортаға салып, жан-жақтылық, белсенділік таныта білді, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлзия Бекқалиқызы қатысып студенттерге кеңінен ақпарат берді.
Тақырып аясында библиографиялық шолу жасалып, студенттерге елбасының кітаптарынан көрме жасалды.
.
13-қараша күні Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 130 жыл толуына орай «Халқым деп соққан жүрегі – Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 130 жыл» тақырыпта әдеби кеш өтті. Кешке АС-47 тобының студенттері қатысып, сабаққа деген қызығушылықтарын, өз ойларын білдіріп, жан-жақтылық танытты.
Сабақтың мақсаты:
Cуреткер – жазушы Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беру, жазушының азаматтық тұлғасы, туған халқына, оның әдебиеті мен мәдениетіне сіңірген еңбегін оқушыларға түсіндіру, «Ақбілек», «Қартқожа» романдарын
негізге ала отырып, шығарманы кеңінен таныстыру. Кеш соңында тақырып аясында кітап көрмесі ұйымдастырылып, студенттер кітаптармен танысып, библиографиялық шолу жасалды.
.
20-шы Қыркүйек күні колледж кітапханасында «Латын әліпбиі – жарқын болашақ кепілі» атты АС-47 тобының студенттеріне сайыс өткізілді.
Сайыстың мақсаты: Студенттерге латын әліпбиінің маңыздылығын түсіндіру, студенттердің өз ойларын білу арқылы білімге деген ұмтылыстарын байқап, тілге деген түсініктерін одан әрі тереңдету. Сайысқа студенттер өте белсенді қатысып, әр кезеңнен сүрінбей өтіп, өз тапқырылықтарын байқатып «Жалын» тобы I – орын, «Қыран» тобы II-орын «Тұлпар» тобы III- орынды иеленіп, студенттерге сайыс соңында дипломдармен марапатталып, кітаптар сыйлыққа берілді.
Сайыс соңында тақырып аясында кітап көрмесі ұйымдастырылп, студенттер кітаптармен танысып, библиографиялық шолу жасалды.
Атырау сервис колледжі кітапханасында 15.09.2017жылы мерейлі отбасы күніне орай Отбасы – ұлттың тірегі атты тақырыпта студенттер және мұғалімдерімен өткен диспут сабақ.
Отбасы-табиғат сыйлаған кереметтердің бірі.Жеке адамның бойындағы ар-ұятын,ақыл-ойын,адамгершілігін,мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам.Отбасы-өте қажетті,басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ.Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп,қалыптасады.Отанға деген ыстық сезім- жақындарына,туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен туындайды. Сол себебті де біз отбасынОтанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз.
«Әке-асқар тау, Ана-етегіндегі бұлақ, Бала-етегіндегі құрақ»
-деп тегін айтпаған болар.Ата-анасын,аға-сіңлілерін сыйлай білген,жақындарына жақсылық тілеген адам,менің ойымша,болашақта қоғамда да ізгі ниеті арқылы еліне,оның дамуына көп септігі тиетініне күмәнданбаймын.
Қыз баланың тәрбиесінде ананың рөлі басым болады.Менің анам бізге қыз балаға нәзіктікті,ең бірінші «әкелеріңді сыйлаңдар,ренжітпеңдер,деп айтып,әкені жалпы ер адамды сыйлауды үйреткен.Отбасының ең маңызды қызыметтерінің бірі-тәрбиелеушілік міндеті,оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды.Оның негізгісі-баланы өмірге келтіру ғана емес,сонымен бірге оған әлеуметтік-мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру,үлкен ұрпақтың тәрбиесін жас ұрпаққа жеткізу,бойына сіңірту,яғни балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру әке-шешенің ең маңызды міндеті.
Ата-ананың,басқа да отбасы мүшелерінің сүру тәжірибесі,жүріс-тұрысы,өз міндеттерін таза атқару,бір-бірін құрметтеп сыйлауы-бәрі де үлкен мектеп,тәрбиелік мәселе.
Қазақ халқының отбасы тәрбиесіндегі өзіне тән жарасылымдықтың бір ұшы олардың жасы кішісінің үлкеніне сен деп сөйлемеуі,алдын кесіп өтпеуі,үлкен тұрып кішінің ,әке тұрып ұлдың,шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде деп есептейміз.Қазақ отбасындағы бала тәрбиесін ұл тәрбиесі,қыз тәрбиесі деп жеке-жеке мән беріп қарастыруда оның өзіндік ерекшеліктерінің ішіндегі маңыздысының бірі.Отбасы-сыйластық орнаған орта,кішкентай Отан. «Отан-от басынан басталады»дегендей отанды сүю-отбасынан басталатыны рас!Себебі,отбасы-бала тәрбиесінің ең алғашқыұжымы.Оның ер жетіп өсуі,бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады,сондықтан да туған үйдің жылуы-оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып мәңгі есінде қалады.Отбасы табиғат сыйлаған кереметтердің бірі.Отбасының әрбір мүшесі өзара сөйлесіп,не болмаса ата-ананың,баланың,міндетін атқару ғана емес,береке-бірлік,сүйіспеншілікпен араласса,босағасы берік,шаңырағы биік отбасына айналары сөзсі |
Ендігі кезекті оқушылар біз сіздерге береміз, яғни өз ойларыңызды ортаға салып,ат салыса отырыңыздар.Мысалы:Жанұяда неше бала бар?Ата-анаңның жасы нешеде?Отасқандарына неше жыл болды?Өздерің болашақта қандай ата-ана болуды армандайсыздар?Бала тәрбиесіне қалай көңіл бөлер едіңіздер?Осы мамандығыңызды өзіңіз таңдадыңызба?-деген сұрақтарға 1курс аспаз мамандығы бойынша оқитын оқушы Қабіжан Ақбөбек жауап берді.Ақбөбек отбасында бала тәрбиесі болашағы маңызды-дей отырып,қазіргі болып жатырған жанұядағы бала өміріне салғырт қарауы ата-ана тарапынан үлкен қателік содан келіп бала психикалық ауруға ұшырайды.Сондықтан ата-ана баласы не істеп жүргеніне ден қойса,өмірде орны толмас өкініштер жағдай азая ма еді?-деген ойын аятады.
-Ақбөбек, дұрыс айттың бұл өмірде жанұяда бала тәрбиесі ең маңызды міндет дедік,ал сол алтын діңгегімізде келеңсіз жағдайлар орын алып жатады.Өмірдің небір жағдайына,тауқыметіне байланысты,жанұяда жанжал ұрыс-керіс ақыры аяғы шаңырақ шайқалуға апарып,жанұяны сақтай алмау жағдайлары кездесіп жатады.Осыған байланысты,бала өмірі,оның психикасы жараланады.Өз өміріне балта шапқан ата-ана салдырынан бала үкімет тарапынан қаморлыққа алынады.Осындай қателітер орын алмас үшін,адам жасынан өз-өзін тәрбиелеу керек.Қазіргі оқып жатқан мамандығыңды дұрыс игер,ол сенің болашақта жейтін наның.Халық сөзіне сүйенсең,бірінші жар таңдаудан,екінші мамандық таңдаудан қателеспеу өмір сатысы.Үй сал,тал ек, перезент өсір. Бойына жастайынан сабырлылық,инабаттылық байлығын сіңірсе,адам баласы өз тағдрына жақсы үлес қоса алады- деп ойлаймын… Ой қортындысы,«Отбасының жемісі-тәрбиелі ұл мен қызы»-деген,мақтан етер ұрпағымыз көбейсін.Ұрпағына мақтаныш болар қазналы қарттарымыз көп болғай.Қазақтың әр отбасының керегесі кең,шаңырағы берік,еліміз аман,жұртымыз тыныш болсын!