Катюша
Атырау сервис колледжінде ұжым арасында 7-мамыр Отан қорғаушылар күні және 9-мамыр Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай мерекелік шара өтті. «Алға, қазақ жігіттері» әнін орындаған әншілерді композициялық сүйемелдеу әннің патриоттық мәнін аша түсті. Концерттік бағдарламада отты жылдардың гимні болған «Катюша» әніне қойылған би, орындалған көркем сөздер мен көріністер әр жүректен орын тауып, кешегі аталарымыз бен әпкелеріміз жанымен қорғаған туған жерге деген сезімдерді оята алды. Шара жеңіс рухын көтеретін «День победы» әнін хормен орындаумен аяқталды. Көктем лебімен жеткен көптеген мерекелердің ішінде ерекше орын алатын бұл мерекелік шараға ұжым мүшелері үлкен жауапкершілікпен қатысып, бар өнерлерін салды.
#кәсіптікбағдарберу
#Атыраубілім
#atyrau_bilim_bolimi
#atyrau_bilim
#bilim_sapasy_bagalau
#жемқорлыққажолжоқ
#isb_atyrau
#біртұтас_тәрбие
#tarbie_ortalygy_atyrau
#біртұтас_тәрбие_атырау
#құқықбұзушылық_атырау_2024
#нашақорлық_атырау_2024
#біртұтас_тәрбие_атырау_2024
#ертежүктілік_атырау_2024
#біртұтас_тәрбие
#tarbie_ortalagy_atyrau