«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері»
ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «Атамекен» ҰҚП бірлесе «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері » пәнін әзірледі және бұл пән оқу жүйесіне енгізілді осыған орай Атырау сервис колледжінде «Кәсіпкерлік қызмет негіздері» пәні «ой қорғау стратегиясы», пікір талас, сұрақ-жауап, салыстыру,талдау әдістері арқылы ,сонымен қатар кестелер,сызбалар,плакаттар, мултимедиялық тақталар ,әртүрлі ойындар арқылы өте қызықты өтуде.
Бұл пәнде студенттер қазіргі нарық жағдайында өмір сүруге бейімделу, танымдық қызығушылықтары оянып , белсенділіктері дамып, сөйлеуге ,өз ойларын ортаға салып, өзгелердің пікірін тыңдап, өз бизнес жоспарларын құрып болашақта қалай өз ісін ашуға болатындығын және жастарға мемлекеттен жеке кәсіп ашуға қандай қолдау көрсетіліп отырғандығын танып үйренуде. Сабақ барысында колледжіміздің басшысы Г.С Буревскаяның ұсынысымен жеке кәсіпкер Съездгалиева Динара Сейілбекқызы қонаққа келіп студенттермен өз кәсіпкерлік тәжірибесімен бөлісіп ,соның ішінде бизнес бастауда қалай идея таңдау, стартапты қалай қолдану,команда қалай жұмыс жасау керектігін айта кетті. Сонымен қатар колледжіміздегі есту қабілеті шектеулі студенттерімізге де арнайы аудармашымен кәсіпкерлік қызмет негіздері пәні де өтуде. Студенттер әртүрлі видео роликтер арқылы және де түрлі ойындар арқылы өткізілген сабақ нәтижесінде , өз кәсіптерін ашуға қызығушылық білдіруде.