ІІ курс студенттеріне «Ата-анаң – алтын тұғырың» тақырыбында сабақ өткізді.

2020 жылдың 27 қазанында  Атырау сервис колледжі ҚКМҚ өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы Калиева А.Х  ZOOM платформасы арқылы ІІ курс студенттеріне  «Ата-анаң – алтын тұғырың» тақырыбында сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты:  – «Ата-ана» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту,

Сабақтың міндеттері:  – ата-анаға деген сүйіспеншілік сезіміне, ата-ананы құрмет тұтуға үйрету;

-ата-ананы қадірлеу, ардақтау, ата-ананың үмітін ақтауға баулу;

– махаббатқа, мейірімділікке, қамқорлыққа тәрбиелеу керек екені кеңінен түсіндірілді. Сабақта позитивті музыка, видео роликтер, Халық нақылын әңгімелеп, студенттермен қызу пікірталас жүргізілді. Шығармашылық жұмыс,топтық жұмыс жүргізілді. «Ана туралы жыр» хормен орындалды.

Сабақ өте жақсы әсерлі өтті. Өскелең жас буын ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың маңыздылығын кеңінен түсініп,терең мағлұмат алды.


Жарияланды: 19.04.202209:30

Автор: